Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

 

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин аппарат кеңесіне қатысушыларды кадрлық ауыс-түйістермен таныстырды.

 

Бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Жанболат Смайыловтың бұған дейін өз өтініші бойынша жұмысынан босатылуына орай, облыс әкімінің үстіміздегі жылдың 19 маусымындағы өкімімен Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Василий Леонидович Крылов Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды.
В.Крылов Пермь мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2005-2008 жылдары Алматы қаласындағы Медеу ауданының әкімі, одан әрі Алматы қаласы әкімінің  орынбасары болып қызмет атқарған. 2008-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. Тағайындауға дейін  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде істеді.
Облыс әкімінің үстіміздегі жылдың 19 маусымындағы өкімімен  Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Аппарат кеңесінде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Н.Нұркеновке атқарған қызметі үшін алғыс айтты. Н.Нұркенов өз кезегінде бірлескен жұмыс үшін ризашылығын жеткізді.
Облыс әкімінің үстіміздегі жылдың 19 маусымындағы өкімімен  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Айна Ермекқызы Мысырәлімова Ақмола облысы әкімінің  әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды.
А.Мысырәлімова Қарағанды мемлекеттік университетін  орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін әлеуметтік бакалавр дәрежесі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. 1994 жылдан  2005 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда әкімшіліктік мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында қызмет істеді.
2005 жылдан 2008 жылға дейін Ақмола облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, одан әрі 2011 жылға дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2013 жылдан 2015 жылға дейін Аршалы ауданы әкімінің орынбасары. 2015 жылдан – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі. 2015 жылдың қарашасынан облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде істеді.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар