Шағалалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әйгерім Дәулетхан Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.
Үш күнге созылған байқауда қатысушылардың әншілік, әртістік қабілеттері сараланды. Өнер бәйгесінде Ақмола облысының намысын қорғаған Әйгерім биік шыңнан көріне білді.
Ол аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр. Мәселен республикалық «Жұлдыз достарын шақырады», II-ші халықаралық «Жас өнер» мен Мәскеуде өткен славян әндерінің халықаралық фестивалінен бірінші орындарды иеленген.
Болашақта Әйгерім Дәулетхан биік сахналарда еліміздің абыройын асқақтатады деген сеніміміз зор.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.