Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоғары білімді өзімізде беру керек - АРҚА АЖАРЫ

Жоғары білімді өзімізде беру керек

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті пленарлық мәжілісінде Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.Ә.Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, өңірге қатысты өзекті  бір мәселені алға тартты.

 

– Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! – Ежелден ән Меккесі атанып, ән өнерінің құдіреті әлі де бір бойында бар Көкшетау өңірінің кешегі Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, бертінгі Ермек Серкебаев, Ләззат Сүйіндікова, Қапаш Құлышева әншілік даңқтарын бүгінгі күні көптеген талантты да дарынды жастар жалғастырып келеді,– делінген депутаттық сауалда. –Тәуелсіз елімізде, соның ішінде Ақмола-Көкшетау өңірлерінде де  қаулап өсіп келе жатқан жас дарындар өте мол. Ендігі арада сол жас дарындарға білікті білім беру өзекті әрі жауапты мәселенің бірі болып отыр. Өйткені, осы өңірдің талантты жастары мәдениет пен өнер саласынан жоғары білім алу үшін көбінесе, Ресейдің іргедегі Омбы, Челябі, Қорған, Түмен қалаларына барады да, көбі сол жақтарда қалып қойып жүр.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылғанындай,  тәуелсіз еліміздің бүгінгі және болашақ ұрпақтарын атадан қалып келе жатқан асыл  мұраларымызды сақтап, оларды ұлықтап, өнеріміз бен  ұлттық мәдениетімізді  әлемдік кеңістікке таныту міндетін қойып отыр.  Осы жайды ескере отырып, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанынан  театр, би ұжымдарының, халық аспаптар оркестрінің педагог жетекшілері мен мәдени демалыс ұйымдастырушы мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярлау бөлімдерін ашу мәселесінің қарастырылуын сұраймыз.

Сенат депутаты Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар