Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сол бір өшпес бейне - АРҚА АЖАРЫ

Сол бір өшпес бейне

Бүгінгідей бейбіт күнде де адамдардың тыныштығын, қауіпсіздігін қорғап бастарын қатерге тігетіндер, ерлікпен қаза табатындар бар. Олар туралы дабырайта айтып, жазбайтындықтан болар,  былайғы жұртшылық та көп біле бермейді.

Әйтсе де, бірге қызметтес болғандар мен ағайын-туыстары, жақын таныстары  олардың есімдерін ардақ тұтып, естерінде сақтайды. Осыдан он жыл бұрын бұзақылардың қолынан қапияда қаза тапқан Жеңіс Күптеновтың есімі бірге қызмет еткен әріптестерінің есінде өз міндетіне адал, білікті кәсіби маман, ардақты азамат ретінде сақталып қалды.  Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінде криминалдық полиция қызметінде жедел уәкіл міндетін атқарған лейтенант Жеңіс Күптеновтың жұмыс күні таңсәріден түн жарымына дейін созылатын.
Сол күні ол әдетінше түн ортасында жұмысынан қайтып келе жатып, көшеде арақ ішіп, айқайлап сөйлеп, түн тыныштығын бұзған жас жігіттерге ескерту жасаған еді.  «Аш пәледен қаш пәле» деп үнсіз өтіп кете беруге де болатын. Дегенмен, ұйқыдағы адамдардың тынышын алып, даңғырлай сөйлеп, көшені басына көтерген мастардың мына қылығына бейжай қарай алмаған офицер жігіттерді ақылға шақырмақ болған. Бірақ, полиция қызметкерінің сөзі ашуларына тиген бұзақылар әй-шәй жоқ жұдырық ала жүгіреді. Көп болып жабылып, жалғыз полиция қызметкерін тепкіге алған бұзақылардың соққысынан зардап шеккен ол ауруханада көз жұмды. Жеңістің соңында кішкентай баласы мен аяғы ауыр  келіншегі қалды. Жеңіс Күптенов қаза тапқаннан кейін Елбасының Жарлығымен  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Бүгінде арамыздан кетсе де, Жеңістің есімі облыс полиция қызметкерлерінің есінде өз міндетіне адалдықтың үлгісі  ретінде ұмытылмастай сақталып қалды.
Облыстық ішкі істер департаментінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар