Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есірткі саудасы мен оны қолдану қоғамды кері тартуда - АРҚА АЖАРЫ

Есірткі саудасы мен оны қолдану қоғамды кері тартуда

Облыстық мәслихаттың депутаттық әдеп, заңдылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында жастардың арасында нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстары бойынша облыстық  наркологиялық оңалту орталығының атқарып жатқан жұмыстары пысықталды.

  Жалпы, нашақорлықпен күресу дүниежүзінде бір ұлтты, тұтас бір мемлекетті құртатын лаңкестік әрекеттерінен кейінгі өзекті мәселеге айналып отыр. Біздің облыс нашақорлық, оның ішінде алкогольге, психотроптық, есірткі заттарына тәуелділік секілді зиянды әдеттер бойынша республикада екінші орында тұрғаны мақтанатын дүние емес.
Мәслихат депутаты Әсен Жақсылықовтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында облыстағы нашақорлықтың жай-күйін «Көкшетау Энергоцентр» ЖШС-нің директоры, депутат Талғат Жалмағамбетов жан-жақты баяндап берді. Оның мәлімдеуінше, облыстық ішкі істер департаменті есірткімен күрес басқармасының және жергілікті полиция қызметінің алдын алу, тәркілеп, айналымға жібермеу үшін жасап жатқан қыруар жұмыстарына қарамастан өңірде нашақорлық азаяр емес. Әсіресе, жастардың зиянды әдеттерге бет бұруы қоғам үшін қайғылы жай болып отыр. Биыл 18 бен 29 жас аралығындағы 74 азаматтың есірткі заттарын сақтап, пайдаланғандары үшін үстерінен қылмыстық іс қозғалған. Тағы жиырма төрт азамат есірткіні айналымға шығарғандары үшін ұсталыпты.
Облыстық наркологиялық оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары Арман Бекеев өз баяндамасында мектеп оқушыларын наркотесттерден өткізу мәселесіне кеңінен тоқталды. Бүгінде облыста 17129 адам аталмыш тексерістен өткен, олардың ішінде 14-інен есірткі заттарының белгілері анықталып, тіркеуге алыныпты. Облыстың 17 ауданы мен Степногорск қаласының колледж және білім мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері тексерістен әлі өтпеген. Оның басты себебі – тест құралдары бағасының күрт өсуінен дейді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары. Алдын алу жұмыстары мен орталықтан тексерістен өтетін азаматтарға көрсетілетін қызмет, нашақорларды емдеудің маңызы мен нәтижесіне тоқталды. Есепке алынған нашақорлардың барлығы да үш кезеңдік мәжбүрлеп емдеу шараларынан өтсе де, олардан 2-5 пайыз аралығында ғана нәтиже күтіледі. Жалпы, облыста ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 10244 науқас есепке алыныпты, олардың екі мыңнан астамы нәзік жандылар екен. Есірткіге әуес болғандардың 3409-ы
ауылдық жерлердің тұрғындары екендігі белгілі болды. Осы дертке шалдыққандардың жеті жүзден астамы әйелдер қауымынан болғаны ұлт болашағын алаңдататыны сөзсіз.
Тексеру комиссиясының мүшесі Динара Алтаева өз кезегінде облыстық наркологиялық оңалту орталығында өткізген 2015-2016 жылдарға арналған тексеріс нәтижесімен таныстырып, ондағы мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы, мемлекеттік сатып алулардың заңға сәйкестігі сияқты мәселелерді ортаға салды. Бұрынғы басшыдан қалған кемшіліктер мен заң бұзушылықтардың бар екендігі, кейбір мәселелер сотта қаралып жатқандығы белгілі болып, орталықтың жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне көңіл аударуы қажет екендігіне депутаттар баса мән берді. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың нашақорлықтың алдын алу бойынша қандай іс-шараларды, жоспарлы жұмыстарды атқарып жатқандығы туралы баяндамасы тыңдалып, өткізілетін шаралар облыс орталығын ғана емес, жергілікті жерлерді де түгел қамту керектігі ескертілді.
Комиссия отырысының соңында нашақорлықтың алдын алу іс-шараларын аталмыш оңалту орталығы қоғамның барша мүшелерімен, білім беру мекемелерімен, ішкі саясат, денсаулық, білім басқармаларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүргізіп, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігіне назар аударылды. Отырыс соңында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті қаулысы бекітілді.  

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар