Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ой-пікірлер бір арнада тоғысты - АРҚА АЖАРЫ

Ой-пікірлер бір арнада тоғысты

Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық филиалында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында айтылған маңызды мәселелер талқыланды. 

  Филиал басшысы  Бейсенбай Мәжитов Елбасы  мақаласын  саяси-идеологиялық құжат деп бағалады.
Жұртшылықтың назарына қазақ халқының мәдениетінен сыр шертетін слайд ұсынылып, партия хатшысы мақаладағы бағыт-бағдарды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға  шақырды. Ал, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов мақалада  айтылған ұлттық код жайлы  әңгіме қозғады.
– Мақалада жазылған рухани мәселелер ең бірінші орында тұру керек. Дәстүрімізді берік ұстанатын, парыз бен қарыздың салмағын білетін адал ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі заман  талабы, – деді Ғалым Мәдешұлы. Сондай-ақ, отырыста жастардың бойында кіші Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға  «Туған жер» бағдарламасының тигізер ықпалы зор екендігі баса айтылды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар