Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзекті мәселелерді қарастырады - АРҚА АЖАРЫ

Өзекті мәселелерді қарастырады

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткізілген дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасы азаматтарының  төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасы  талқыланды.

  Дөңгелек үстел облыстық кірістер департаментінің және аудандық кірістер басқармаларының қызметкерлерімен онлайн режимінде өткізілді. Алдымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қарыздармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Елена Мотовилова сөз сөйлеп, аталмыш заң жобасын әзірлеу негізі Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасы болып табылатынын атап өтті.
– Бүгінгі күні халық арасында банктік қарыздар және басқа да ақшалай міндеттемелер бойынша мәселелер өте өзекті. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты азаматтардың төлем қабілетсіздігін реттеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешу. Заң жобасы жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Жеке кәсіпкерлердің төлемге қабілетсіздігінің мәселелері «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен реттелген. Заң жобасының негізгі қағидалары соттан тыс және сотты рәсімдердің алмасуын қарастырады. Олар өз кезегінде азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай үрдісін құрайтын болады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үрдісін бірқатар құқық бұзушылықтар үшін шешілмеген немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғалар қолдана алмайды. Бұған алаяқтық, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру, несиені заңсыз алу, жалған кәсіпкерлік және өзгелер жатады. Осылайша заң келеңсіз жағдайларға байланысты қарыздық ауыртпашылыққа тап болған адал азаматқа жоспар негізінде өзінің қиын жағдайын түзетуге мүмкіндік беретін болады,– деді Елена Мотовилова.
Жоспар борышкердің қаржылық жағдайына байланысты дағдарыс жағдайынан біртіндеп шығуды қарастыратын болады. Бұл ретте кредиторлар өз жағынан қарызды өтеу үшін мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу, өтемақы, айыппұлдарды есептен шығару, қарыздың бөлігін кешіру және басқа да шаралар қолдануға міндетті болады. Егер борышкердің қарыздардан құтылуға мүмкіндік беретін тұрақты кірісі болмаған жағдайда борышкердің мүлкі сатылып, одан түскен қаражат кредиторлар арасында үйлестіріліп, ал қалған қарыздар есептен шығарылады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы жүгінгені үшін, сондай-ақ, төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру үрдісін ашу барысында жалған ақпарат бергені үшін қосымша жаңа қылмыстар құрамын қарастыратын баптармен толықтырылады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлкінің режимін реттеу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үрдісіндегі тұлғаларға қорғаншы және қамқоршы болуға тыйым салу бойынша өзгертулер енгізіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексіне, сондай-ақ, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңына, «Шағын қаржы ұйымдары туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңдарына қаржылық әкімшіге азаматтың мүлкі (активтері) және міндеттемелері туралы ақпаратты алу құқығын беретін толықтырулар енгізілген.
  «Халықтың көші-қоні туралы» ҚР Заңында белгіленген қазақстандық азаматқа елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер тізілімі азаматтың мүлікті таратудың сотты рәсімін қолдану жағдайымен толықтырылатын болады.
– Заң жобаларының тұжырымдамалары 2016 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында мақұлданған. Бүгінгі күні заң жобалары сараптама, қоғамдық кеңес мүшелерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында және оны қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған, – деді басқарма басшысының орынбасары Елена Мотовилова өз сөзінде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар