Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жүйені енгізу талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жүйені енгізу талқыланды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесіне  төлемдерді қабылдау  биылғы жылдың  1 шілдесінен басталады.  Осыған орай,  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында  Денсаулық сақтау вице-министрі  Ләззат Ақтаеваның қатысуымен  өткен республикалық   бейне-конференция болып өтті.

 

Енді еліміздің  медициналық мекемелері 2018 жылдың  қаңтар айынан бастап  міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады.  Сол себепті,  үстіміздегі жылдың бірінші  шілдесінен бастап  аталмыш жүйеге  төлемдерді қабылдау басталады.  
Ол үшін  әр адам өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтап алуы  керек.  Себебі,  зейнеткерлерге, мектеп оқушыларына, студенттерге, баламен үйде отырған аналар  сияқты  әлеуметтік жағынан аз қамтылған  санатқа жататын  10 миллионға жуық  адамға жарнаны мемлекет төлейтін болады. Жалпы, жұмыс берушілер төлейтін  ең жоғары жарна  мөлшері 5-тен 3 пайызға дейін болса, ал, жеке кәсіпкерлердің жарнасы 7-ден 5 пайызға дейін азайды.  Жалпы, барлық санат үшін жарна  төмендетілді.
Бейне-конференция аяқталған соң, қала тұрғындарына  міндетті  әлеуметтік медициналық   сақтандыру  бойынша  қоғамдық қабылдау өткізілді. 11 адам  жаңа жүйе жайлы толығырақ білу үшін дәрігерлер мен партия қызметкерлеріне  өз сұрақтарын қойып, көңіл тұшынатын жауап алды.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар