Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жекеменшік дәрігерлер қызметі қолжетімді болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Жекеменшік дәрігерлер қызметі қолжетімді болуы керек

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы комиссия отырысында  жекеменшік медицина жүйесін дамыту мәселелері қаралды. Отырысты комиссияның денсаулық сақтау бағыты бойынша кураторы Серік Аяғанов жүргізіп отырды.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қадамында жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу мәселесі көзделген болатын. Аталмыш міндетті жүзеге асыру үшін елімізде   мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер арқылы медициналық мекемелердің құрылысын жүргізу, басқару секілді шаралар қолға алынды. Білім, денсаулық сақтау салаларына қатысты нысандардың құрылысын салудан бастап, оны ұстау, басқару жұмыстары да жекеменшік секторға бағынышты болмақ.
Отырыста облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова осы орайда өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тарқатып, баяндады.
– Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің басты мақсаты – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін жеке капитал тарту болып табылады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы әріптестік екі жақты пайдалы үрдіс. Өйткені, оның шеңберінде мемлекет қазіргі заманға сай инфрақұрылымдарға ие болады және денсаулық сақтау нысандарын пайдалануға беруге немесе ұстауға жұмсайтын қаржы үнемделеді, деді ол. Баяндамашының мәліметтеріне сай, аталмыш екі жақты серіктестік нәтижесінде халық сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізеді, яғни, бағасына сапасы сай болады. Бұл орайда, жеке сектор өзінің бизнестегі тұрақты және ұзақ мерзімді мүмкіндігін кеңейтеді. Қазіргі уақытта Бурабай аудандық емханасы мен Бурабай ауданаралық көпсалалы ауруханасы секілді денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы нысандар сенім білдірілген серіктестіктерге тапсырылыпты. 2012 жылдан бастап, осы күнге дейін медициналық қызмет көрсету үшін 88 жеке және заңды тұлғалар лицензия алыпты. Жекеменшік медициналық қызметтердің көбінесе қалалар мен аудан орталықтарында ғана болатыны белгілі.
Сондықтан, отырысқа қатысушылар  жекеменшік медициналық қызметтердің ауылды жерлерде де қолжетімді болуы қажеттігін жан-жақты қарастырды. Облыс тұрғындарының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. Саналы түрде алып қарайтын болсақ, онда жекеменшік медицинаны дамыту тиімсіз. Әзірге, ауылдарда жекеменшік медициналық қызметтерге сұраныс жоқ және қызмет көрсететін мамандардың біліктілігі де көңіл көншітерліктей емес. Ауылдарда осы мәселеге қатысты сұраныстың аздығы да тұрғындардың менталитетіне байланысты болып отыр.  
Сонымен бірге, жиында бүгінде күн тәртібінде жиі қаралып жүрген өзекті мәселелердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жайы талқыланды. Оны енгізуде жекеменшік клиникалар көптеген адамдарды өздеріне тартып әкетуі мүмкін деген пікір айтылды. Өйткені, ол жерде науқастар ұзын сонар кезек күтпей-ақ тез тексеріліп шығады. Мұндай емханаларда әр науқасты жеке қарайды, емхана дәрігерінің жолдамасы талап етілмейді, барлық жағдай жасалады. Сондықтан да, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласындағы мекемелер арасында үлкен бәсекелестік орын алуы мүмкін.
Отырыс барысында фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Владислав Зимов медициналық құралдардың, дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Фазыл Қопабаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің маңызы мен аймақтағы денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының мән-жайына тоқталды. Соңғы үш жылдың қорытындысы бо-йынша облыста кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге 2015 жылы 17 медициналық нысан тапсырыс берсе, олардың үшеуі жекеменшік түрінде қызмет ететіндер болған. Биылғы жылдың көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, медициналық ұйымдардың саны 49-ға, ал жекеменшік мекемелер 17-ге жетіпті.
Партияның сайлауалды бағдарламасының кураторы, облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов отырыс соңында аталмыш мәселелер енді ғана енгізіліп жатқан жаңалықтар болғанымен, оң нәтижесін беретіндігіне сенім білдіріп, іс-шараға қатысып, өз пікірлерін ортаға салғандарға алғысын айтты.   

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар