Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басқаның баласын өзінің баласындай көрген жандарға қалайша сүйсінбессің!.. - АРҚА АЖАРЫ

Басқаның баласын өзінің баласындай көрген жандарға қалайша сүйсінбессің!..

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаған. Адам өмірінің мәні  ұрпағы екені рас. Отбасы институтын нығайту мақсатында республикалық деңгейде өткізілетін  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының маңызы зор. Аталған байқау  биыл елімізде төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
  Мен үшін осындай ұлттық байқаудың облыстық кезеңінде екі жыл бойы комиссия мүшесі болу үлкен құрмет. Өткен жылы біздің облыстан  Әкімбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына қатысқан. Олар  жұртшылыққа нағыз үлгі болатын отбасы  екендерін  дәлелдеді. Отағасы Серік Құрмашұлы өзі мүмкіндігі шектеулі жан  болса да, өзінің туған  5 баласынан  бөлек 9 өзге ұлт өкілдерінен 38 баланы  балалар үйінен асырап  алған. Қазір   Жаңылсын апайымыз екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Биылғы жылы  облысымыздың  барлық аудан  орталықтарындағы  іріктеу кезеңіне  90-ға жуық отбасы  аталмыш байқауға  қатысып, облыстық  комиссияға 36 отбасы туралы ақпараттар жіберілді. Осы отбасылардың ішінен 7 отбасы марапатқа ие болды.  Биылғы  ұлттық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Бұланды ауданынан келген Қалиевтер және  Целиноград ауданынан келген Қуандықовтар отбасылары жеңімпаз атанып, ұлттық байқаудың шешуші кезеңіне жолдама алды. Қалиевтер отбасына жүлделі орынды беруіміздің себебі, өздерінің екі  туған баласының  мүмкіндігі шектеулі болса да, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір отбасының төрт  баласын асырап алған.
Айта кетерлігі, бұл отбасының отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ал, Қуандықовтар  көп балалы отбасы. Отағасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Отанасы 10  құрсақ көтеріп, батыр ана атанған. Олар  отбасында 10 бала, 19 немере, 9 шөберені тәрбиелеп отырған берекелі шаңырақ.
Осындай отбасыларды халық арасында әсіресе, жастарға дәріптеу менің ойымша  отбасы құндылықтарын  сақтауға  өз ықпалын тигізері анық. Себебі, біздің мемлекетімізде шаңырағына шаттық ұялаған бақытты отбасылар көп болу керек.
   Берік РАҚЫШЕВ,
«Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық
қорының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар