Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бабадан қалған бекзат өнердің саңлақтары - АРҚА АЖАРЫ

Бабадан қалған бекзат өнердің саңлақтары

 

«Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері аясында көрермен қауымның қанын қыздырып, делебесін қоздырған ұлттық спорт шаралары өткізілді.

Астана қаласындағы «Қазанат» атшабары мен этноауылда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, көкпар, жамбы ату, теңге ілу және аударыспақ тәрізді спорт түрлерінен жарыс болып өтті. Қажыр мен қайрат, ерлік пен ептілік сынға түскен дүбірлі додаға өңірдің екі қаласы мен 17 ауданының командалары қатысты. Этноауылда көрермендердің назарына жанарына іліккен аңды құтқармайтын қыран құстар, жүйрік тазы мен маң төбеттер ұсынылды. Теңге ілуден аршалылық Мерген Мұсабек пен целиноградтық Рүстем Мақұлов алдарына жан салмады. Жамбы ату жарысында атбасарлық Руслан Біләлов пен ерейментаулық Бауыржан Ризахан  сұр мерген атанды. Әртүрлі салмақ дәрежесіндегі аударыспақ жарысында ерейментаулық Нарбота Босов пен Абылайхан Амангелдинов, ақкөлдік Жандос Сағидолла мен Жандос Күреңбаевқа тең келер ешкім болмады. Көкпар жарысында Аршалы мен Ерейментау аудандарының командалары жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Қорғалжын мен Атбасар аудандарының құмай тазылары өзгелерді шаң қаптырды. Төбеттер көрмесінде Көкшетау қаласы мен Сандықтау ауданының иттеріне жақсы баға берілді. Ерлер арасындағы тоғызқұмалақ ойынында көкшетаулық  Абай Сәбитов пен целиноградтық Әлішер Таңқаев, әйелдер арасында бурабайлық Томирис Қаппасова мен Жақсы ауданының өкілі Әйгерім Қайроллова жеңімпаз атанды. Асық ату жарысында зеренділік  Есполат Бейбіт пен жарқайыңдық Ернұр Амангелді шеберлік көрсетті. Бес асық ойынында көкшетаулық  Күрсанай Османова мен зеренділік Айдана Балтабекова топ жарды. Қазақ күресі жарысында көрермендер 60 келіге дейінгі салмақ  дәрежесіндегі палуандар есілдік Жанат Бақытхан мен ақкөлдік Темірхан Сарымсақовтың, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі көкшетаулық Азат Ғасанов пен ақкөлдік Ержан Гилмиденовтың, 74 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі көкшетаулық Рустам Зынданұлы мен сандықтаулық Данияр Темірхановтың білек күшіне тәнті болды. Спорт шараларының соңғы күні 15 шақырымдық тоқ бәйге болып өтті. Бәйгеге Қазақстанның жеті өңірінен 35 сәйгүлік қатысты. Бірінші орынды «Босмойын» тұлпарын баптаған алматылық Жұматай Ақжол жеңіп алды. Екінші орыннан Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерқұт Тұрсынәли көрінсе, үшінші орынды ақмолалық Даниал Ризаев иемденді. Жарыстың жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар