Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Лайықты үлес қосамын - АРҚА АЖАРЫ

Лайықты үлес қосамын

 

Мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында оқимын. Арманым – Отан алдындағы парызымды қолымнан келгенше дұрыс өтеп, бабаларымыз қалдырып кеткен асыл мұраларымызды сақтап, қорғауға, адамдардың қауіпсіздігіне жауап беруге атсалысу.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы біздің халқымыздың алдында үлкен міндеттерді жүктеп отырғаны белгілі. Мен оқып жүрген білім ордасы еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны ретінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға әрқашан да әзір.
Жолдауда алға қойылған басты мақсат, үлкен міндеті – еліміздің әлемнің дамыған озық 30 мемлекетінің қатарына қосылуы. Осы зор міндетті орындау ел ішіндегі қауіпсіздікке тікелей байланысты. Біз білім алып жүрген институт қауіпсіздікті сақтайтын құтқарушы-офицерлерді дайындап, 20 жыл бойы өзінің қызметін бұлжытпай орындап келеді. Осы орайда, институт басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов, курс басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ермек Ділімбетов және кафедра бастығы Қалижан Нарбаев  білім ордасының курсанттары мен оқытушы құрамы алдында аталмыш маңызды құжатты жан-жақты талқылап, түсіндіріп берді.
Біз азаматтық қорғау саласына қатысты алып жатқан білімімізді тәжірибемен шыңдап отырамыз. Облыста орын алған көктемгі су тасқынының алдын алу мен жою шараларына институт ұжымы да қатысып, атсалысты. Біздің жемісті еңбек етуіміз – институттың абыройы, ал, оқу орнының абыройы – еліміздің дамуына қосылып жатқан үлес деп бағамдаймын.  

Серік ӘДІЛЕТ, Көкшетау техникалық институтының 2 курс курсанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар