Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейімізді өсірген көрме - АРҚА АЖАРЫ

Мерейімізді өсірген көрме

 

2012  жылдың күзінде Парижде өткен Халықаралық көрмелер бас ассамблеясының бюросы 2017 жылы өтетін ЭКСПО орны ретінде Астананы таңдауы еліміздің халықаралық қауымдастықтағы мәртебесінің биіктей түскенін тағы бір дәлелдеп берген еді.

 

Шынын айтқанда, халықаралық көрмені өз елдерінде өткізуге ынталы мемлекеттер аз емес, солардың арасынан озып шығып, осындай мәртебеге ие болу үлкен абырой екендігі даусыз. Астанада өтіп жатқан халықаралық көрме тақырыбы жағынан да бүгінде өзекті мәселеге айналған – баламалы қуат көздеріне арналғандығы оның маңызы мен мәнін арттыра түседі. Осыған орай, еліміз халықаралық көрмені жоғары деңгейде өткізуге үлкен дайындық жасады. Көрмеде әлемнің 110  елінің қуат өндіру саласындағы ең озық технологиялары көрсетілетін болады. Олардың ішінде экологиялық жағынан залалсыз болашақтың жобалары аз емес. Астанада өткен халықаралық көрме «жасыл энергетиканы» дамытуға, сөйтіп, табиғатымыздың тазалығын сақтауды қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосады деген сенім бар. Халықаралық көрме маусымның 10-нан қыркүйектің 10-на дейін, яғни, 93 күнге созылмақ. Осы уақыттың ішінде миллиондаған адамдар көрмені тамашалап, тәуелсіз елімізге келіп, оның жетістіктері мен халқының өмірін көріп, танысатын болады. Танысып та жатыр.
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Орта Азия аймағындағы елдер арасында Қазақстанда бірінші рет болып отыр. Біздің еліміздің азаматтары бұрын мұндай халықаралық көрмелерге турист ретінде барып көретін болса, енді отандастарымыз Астанадағы көрмені  көріп тамашалауға мүмкіндіктері бар. Осындай көрмелер 2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткені мәлім. Қытайда өткен көрме «Қала көрікті болса, тұрмыс та жақсы» деген тақырыпта өткен еді. Онда болашақтың қалалары көрсетіліп, сәулет өнерінің көз тартар көркем үлгілері жұртшылық назарына ұсынылған. Сол көрмеге Қазақстан жас Астананың сәулетті де көркем бейнесі мен болашақ даму көкжиегін ұсынған болатын.
Қытайда өткен көрмеде Қазақстан павильонына миллионнан астам адам келіп, көргендігі белгілі. Бұл кездейсоқтық емес еді. Өйткені, біздің павильонда еліміздің табиғаты мен өмірі жайында толыққанды ақпараттар ұсынылды. Сонымен бірге, кең ауқымды мәдени бағдарлама да ұсынылған болатын. Кіреберісте ұлттық киім киген қыз-жігіттер қонақтарды кеңпейілдікпен жылы қарсы алды. Осылардың бәрі еліміз туралы шетелдіктерге жақсы пікір қалыптастырғаны анық.
Ал, Миланда өткен халықаралық көрме сапалы және табиғи таза тағамдарға арналып, қазақстандық павильон жұртшылықтың ең көп келетін орындарының бірі болған еді. Қазақстандық павильон жайқалып өскен бидай бейнесіндегі айна қабырғамен көмкеріліп, түн болса жарықтан түскен түрлі бояулар құлпыра ойнап, көз қарықтыратын. Қонақтар Қазақстан павильонынан қымыз бен шұбат ішіп, ұлттық сусынның дәмін татуға мүмкіндік алды.
Қытайда өткен көрмеге жарты жылдың ішінде 73 миллион адам келсе, олардың 8 миллионы шетелдік туристер екен. Сол шетелдік туристердің басым көпшілігі Қытайға қайта келуге ниетті екенін білдірген. Ал, Милан көрмесіне келген туристердің 75 пайызы Италияға тағы да келгісі келетіндіктерін мәлімдеген. Қазақстан көрмесіне үш айда бес миллионнан астам адам келеді деп күтіліп отыр. Шетелдік туристер ЭКСПО-ны көріп қана қоймай, еліміздің басқа да көрікті жерлерімен танысатындықтан, алдағы уақытта Қазақстанға қайта келуге ынталы болатындығында дау жоқ. Осыдан байқап отырғанымыздай, халықаралық көрме еліміздегі туризмнің дамуына жаңа серпін беретіні анық.

Бауыржан ҒАЙСА, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар