Өткен аптада 170 мыңға жуық адам «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барды.
Бастапқы 9 күнде 205 561 адам немесе күніне 22 840 келуші тіркелді. Атап айтқанда, 10-25 маусым аралығында – 374 236, ал 27 маусымдағы жағдай бойынша 425 377 адамға жетті. Сонымен қатар, 10-27 маусымда көрмеге келіп кету көрсеткіші 2 774 527-ні құрады, – деп атап өтілген халықаралық көрме баспасөз қызметінің мәліметінде. Бұдан бөлек, келушілер саны жоғары павильондардың үздік ондығының тізімі жасалды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Африка плазасы, Мысыр, Қытай, Түркия, Сауд Арабия Корольдігі, Малайзия бар. Мұнымен қоса, адамдар көптеп тамашалайтын нысандардың ішінде «Нұр-Әлем», коммерциялық павильондар, «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, «С 3.5» тақырыптық павильоны, амфитеатр, «С 2.4» тақырыптық павильоны, шығармашылық энергия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы қамтылып отыр. Қауіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді, олардың басым бөлігі – ересектердің балалардан көз жазып қалуы. Айта кетерлігі, күн өту, әлсіреу, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендер саны 146-ға жетті.