Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрін жең ұшынан жалғасу бүлдіреді - АРҚА АЖАРЫ

Бәрін жең ұшынан жалғасу бүлдіреді

 

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасында өткен дөңгелек үстел «Құқық қорғау органдарындағы бағалау тиімділігінің бірыңғай жүйесі: бастамалары мен тетіктері» тақырыбына арналып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жайы талқыланды.

 

«Жасыл болашақ» қоғамдық қорының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік тапсырысын орындау мақсатында ұйымдастырған іс-шарада құқық қорғау органдарының қоғам алдындағы беделі, қызметшілердің материалдық жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстары жан-жақты әңгіме болды.   
Бүгінде көпшіліктің санасында қалыптасып қалғандай кез-келген мәселені шешудің жеңіл амалы сыбайластарын іздеу немесе пара беру сияқты. Мұндай амалдар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендететіні белгілі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Дархан Хайруллин баяндама жасап, құқық қорғау органдарында орын алып келе жатқан сыбайлас жемқорлықтың көріністерін нақты мысалдармен айтып берді.  
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарымен салыстырғанда біршама жақсы дамыған мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың орын алу жағдайы біршама азайғаны, оның алдын алу шараларының жоспарлы ұйымдастырылған түрде жүргізіліп жатқандығының жемісі екендігіне тоқталған баяндамашы сыбайластық әлі де әр өңірде көрініс беріп жатқандығына назар аударды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық қорғау органдарында заң бұзушылықтар мен кадрлардың тұрақтамауы, екі жыл сайын қызметшілердің орын ауыстырылуы, жұмысқа орналасқан жастардың әрбір оныншысы бір жыл толмай жұмыс орнынан шығып кетулері, олардың әр төртіншісі жағымсыз жағдайлардың себебінен кетіп жатқандығы, қызметке алынатын үміткерлерді қабылдаудың сапасыздығы аталмыш саладағы жұмыстардың тиімсіз ұйымдастыруынан екендігін атап өтті. Соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдарында жүздеген штаттық ауыс-түйістер мен қайта құрулар орын алыпты, алайда, штаттық орындар саны сол қалпында сақталып келеді. Сол секілді кейбір мемлекеттік мекемелерде бір-бірінің функционалдық міндеттерін қайталайтын штаттық бірліктердің бар екендігі, жұмысты ұйымдастырудың тиісті деңгейде болмай отырғандығын дәлелдеп отырғандай.
Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 1600-ге жуық қылмыстық іс қаралыпты.  Олардың ішінде әкімшілік полиция саласына жататын жол патрульдік полиция инспекторларының және тергеуші-жедел уәкілдердің қылмыскерлерді қылмысынан жалтаруға көмектесіп, ақша талап етулері жиі кездеседі. Баяндаманы аяқтаған соң, ол отырысқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бұдан әрі облыстық төтенше жағдай департаментінің кадр бөлімінің меңгерушісі  Берік  Жоламанұлы жұмысты тиімді ұйымдастыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететіндігін айта келе, өзі қызмет ететін департамент жағдайын да ортаға салды. Сонымен бірге, ішкі істер басқармасының  аға инспекторлары, полиция майорлары Тұрар Дүйсембин мен  Динара Ахметжанова қызмет талаптарына сай қызметшілердің аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік қызметшілердің конкурсы секілді мәселелерді түсіндірді.
Отырыс соңында жоғарыда аталған қор төрайымы Мәриям Әбішева полиция қызметкерлерінің абырой биігінде өздерінің беделін сақтап, мемлекетке адал жұмыс істеу керектігін айтып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар