Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпат жасады.
– Сотқа деген халықтың сенімін арттырып, оның беделін көтеру, сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету ақпарат құралдарының көмегімен ғана жүзеге асады. Сондықтан, сіздердің қолдау-көмектеріңіз бізге әрдайым қажет, – дей келе, облыстық соттың төрағасы журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта түсіністікпен, тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенім білдірді. Осыдан кейін облыстық сот төрағасы сот тақырыбын белсенді айтып, жазып жүрген журналистерге Алғыс хат тапсырды. Өз кезегінде журналистер атынан «Бұқпа» газетінің редакторы, жазушы Төлеген Қажыбаев төрағаға журналистерге көрсеткен құрметі үшін алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.