Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЭКСПО-да Түрікменстан ұлттық күнін тойлап жатыр - АРҚА АЖАРЫ

ЭКСПО-да Түрікменстан ұлттық күнін тойлап жатыр

 

Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Түрікменстанның ұлттық күні аталып өтілуде.

«Түрікменстанда газдан энергия алу шаралары кеңінен дамыған. Бізде қуатты газ турбинасы салынды. Электр желілері тартылып жатыр. Соның арқасында энергияны шетелге сатуға мүмкіндік бар. Бүгін – Түрікменстанның ұлттық күні. Осыған орай, біз барлық қазақстандықтарды өз павильонымызға шақырамыз.
Ол жерде түрікмен халқының баламалы энергия саласындағы жетістіктерімен танысуға болады», – дейді Түрікменстанның сауда-экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Дәулеткелді Реджепов. Оның айтуынша, павильонда экологиялық электр стансаның жобасымен танысуға мүмкіндік бар. Аталған станса Түрікменстанның оңтүстігінде салынып жатыр. «Ал баламалы энергияны Қарақұм шөлінде көптеп өндіруге болады.
Бұдан бөлек, біздің ғалымдарымыз экологиялық таза ферманың үлгісін ойлап тапты», – деп атап көрсетті Реджепов. Сондай-ақ, Түрікменстанның павильонында Гиндукуш су электр стансасының макеті бар. Аталған стансаның жұмыс істеп жатқанына 100 жылдан асты, тіпті біраз құрал-жабдықтары сол кезден бері әлі тұр. Павильонның тақырыбы – «Табиғат – шексіз энергияның көзі». Бүгінгі салтанатты шара барысында Түрікменстанның өнерпаздары мен әртістері өз өнерлерін паш етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар