Өз ісінің шебері
Осыдан 15 жыл бұрын алғаш рет құрылыс алаңына келген ол бүгінде серіктестіктегі құрыш қолды құрылысшылардың алдыңғы легінен табылуда. Облыс орталығындағы көптеген ғимараттарды салуға қатысып, қаланың көркейіп, дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан еңбек озаты өз мамандығын мақтан тұтады.
Өз тәжірибесін кейінгі буынға үйретуден де еш жалыққан емес. Жылдың төрт маусымында құрылыс жұмысы бір сәт тоқтамайды. Жауын мен желдің өтінде тас қалау үшін де қажыр мен қайрат қажет. Қоғам үшін қажетті осы бір мамандыққа деген ықыласы мол құрылысшы өз ұжымында адал еңбегінің арқасында құрметке бөленіп жүр. Бұл күнде ол қарбалас жұмысын Көкшетаудағы «РИВЬЕРА» көп қабатты тұрғын үй кешенінде жалғастыруда.
Берік ЕСКЕНОВ.
Суретті түсірген автор.