Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет көрсету жақсарады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету жақсарады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина Ақкөл балалар үйінде кездесу өткізді. Халық қалаулысы жиналғандарға «Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жөнінде айтып берді.

 

Аталмыш заңда халыққа қызмет көрсетуді барынша оңтайландыру, оның жеделдігі мен қолжетімділігін, қызмет сапасын жақсарту жайы қамтылған. Қазіргі күні мемлекеттік корпорация құру туралы жол картасы дайындалып, осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік корпорация «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры жөніндегі ғылыми-өндірістік орталық» және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтардың бірігуі арқылы құрылатын болады. Мемлекеттік корпорацияда Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағыдай кедергісіз бір терезе принципі негізінде  қызмет көрсетілетін  болады. Онда біркелкі электронды кезек бойынша барлық аумақтарға қызмет көрсетіледі және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үйіне барып қызмет көрсету мүмкіндігі тудырылады.  Мемлекеттік корпорация қызметінің ең басты артықшылығы: қолжетімділігі мен ашықтығы және жеделдігі болмақ.
Халық қалаулысы кездесу соңында балалар үйінің автобус жүргізушісі Алексей Яковлевке Парламент Мәжілісінің атынан Алғыс хатын тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар