Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтініш-тілектерге мән берді - АРҚА АЖАРЫ

Өтініш-тілектерге мән берді

2017 жылдың 1-16 шілдесі аралығында өңірімізде жұмыс сапарымен болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен алғашқы кездесулерін өткізе бастады. Біз бүгін  облыс орталығы мен аудандарда өткен осындай кездесулерден есептер жариялап отырмыз.

 

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Омарбекова Көкшетау қаласында әлеуметтік мәселелер бойынша бірнеше нысандарды аралап көріп,  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Халық қалаулысы жұмыс сапарын Сарыарқа ықшам ауданында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылысымен танысудан бастады. 2018 жылдың үшінші тоқсанында тапсырылады деп жоспарланған нысанда бүгінгі күні су, канализация желілерін орнату жұмыстары аяқталған, енді жылу және электр желілері орнатылуда. Осы күні құрылыс басында жүзге тарта адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олардың санын екі жүзге жеткізу көзделіп отырғандығын айтты құрылыс жүріп жатқан учаскенің басшысы Серік Өсербаев. Халық қалаулысы жұмысшылармен жасасқан келісім-шарттың болуы, оларды сақтандыру, мүгедектерге арналған пандустар, қосымша шығу есіктері, адамдарды жұмысқа жергілікті жерден тарту мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.
–Құрылысшылар көбінесе сақтандыру, келісім-шарт жасасу мәселелеріне онша көңіл бере бермейді. Оны жұмыс берушілер де құнттамайды. Азаматтар өз құқықтарын білмейді. Барлық жағдайдың заң шеңберінде болуын жұмыс берушілер қамтамасыз етулері тиіс. Сонда даулы мәселелер болмайды, –дей келе халық қалаулысы жұмыс берушіден қарамағындағы жұмысшылармен жасасқан келісім-шартты көрсетуін өтінді. Алайда, бас мердігер бұл құжаттардың кеңседе қалып қойғандығын айтты. Аталмыш білім ордасының құрылысы бойынша қандай мәселелер бар екендігін сұраған депутатқа қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса Краснояр селосына баратын жолдың бойындағы саяжайлар  аумағында құрылысы басталып, қазіргі уақытта тоқтап қалған мектептің жағдайы туралы баяндады.  
Халық қалаулысы осыдан кейін  құрылысы тоқтап тұрған мектепке барып, анық-қанығын білді. Аталған кешеннің құрылысына бір миллиард теңгеге жуық қаржы қажет. Мектепке дейінгі мекемесі бар кешеннің құрылысы 2016 жылы бас-талып, сол жылы 930 мың теңге бөлініпті. Биылғы жылға бөлінген 50 миллион теңге де толық игерілген. Енді 2018 жылы 925 миллион теңге бөлу қарастырылыпты. Оған дейін құрылыс тоқтап тұрмақ. Ал, осы арада оқушыларға бір мектептің болмағаны Краснояр селосындағы және №10 орта мектептің жұмысына үлкен жүктеме болып отыр. Халық қалаулысы барлық құжаттармен өзі толықтай танысып шыққаннан кейін қолдан келген көмегін беретінін жеткізді. Құрылысты тапсыру 2018 жылдың үшінші тоқсанына белгіленіпті. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған халық қалаулысына келген көкшетаулық тұрғындардың көбі – тұрғын үй кезегі мәселесін көтерді. Мәселен, жасы алпысты алқымдаған Рәшида Қазбекова осы күні денсаулығында психологиялық және неврологиялық  ауытқулары бар баласына медициналық қызметтердің толық жасалмайтындығы, дәрі-дәрмектің қымбаттығы, осындай ауыр сырқатқа ұшырағандарға тұрғын үй бөлу кезінде назар аударылмайтындығы туралы айтып, өкпе-ренішін білдірді. Он жылдан бері пәтер алу кезегінің әлі келмегендігін айтып, халық қалаулысынан көмек сұрады. Барлық жағдайды тыңдаған депутат тиісті мекемелерге тапсырма беріп, өзі де осы мәселені бақылауға алатындығын, заңға мүгедектердің деңгейіне байланысты өзгертулер енгізуге ұсыныстар дайындалатындығын айтып, сендірді. Ал, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген Мадай Ахметжанов бастаған ауған соғысына қатысушылар өздеріне заң бойынша бірінші кезекте берілуі тиіс пәтерлердің бөлінбей жатқандығын айтты. Мән-жай толық анықталғаннан кейін қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы олардың екінші кезектегі топқа жататындығын айтып ақталды. Бірақ, заң жүзінде бірінші кезекте пәтер берілуі тиіс екендігі анықталған соң, прокуратураға хат жолданып, аталмыш саланың жұмысын тексеру қажеттігі жайында мәселе көтерілді. Арызданушылар халық қалаулысының атына өтініштерін берген соң, қала бойынша тапсырылатын үйлерден бір пәтерге ие болатындықтары айтылды. Бұл мәселе де халық қалаулысының жеке бақылауында болмақшы.
Қабылдаудан соң Мәжіліс депутаты «Тыныс», «Новопэк» секілді қаланың ірі кәсіпорындарын аралап, ондағы жұмысшылармен кездесу өткізді. «Тыныс» АҚ-дағы кездесу кезінде жұмысшылар жаңадан енгізіліп жатқан міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақыны алудың жас мөлшері, зейнетақыны мұраға қалдырудың жолдары, химиялық лабораторияда жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс үстемеақылар жайында сұрап білсе, новопэктіктер жұмысқа тасымалдайтын автобустың жоқтығын, осы бағытқа келетін қоғамдық көліктер тым алыс тоқтайтындығын айтып, автобус маршруттарын осы бағытқа жүргізу қажеттігі жөнінде мәселе көтерді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бұл мәселені алдағы уақытта шешіп беретіндігіне уәде берді. Кәсіпорын басшылары қалада өндіріске қажетті кадрлардың тапшылығына кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, аталмыш кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың балаларына арналған балабақша салуға жер бөлуді сұрады. Себебі, жұмысшылардың 500-дей баласына мектепке дейінгі мекеме керек екен. Ж.Омарбекова бұл жайында қала әкімдігіне тапсырма беретіндігін айтып, қолдан келген көмегін аямайтындығын жеткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар