Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа бағдарлама

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен мәжілісте құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес жайы қаралды.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Жанар Мұқышеваның айтуынша, құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға түрткі болатын негізгі себеп – жұмыссыздық пен маскүнемдік болып отыр. Осы орайда, прокуратура қылмыстың алдын алу және оның деңгейін төмендетуге қатысты бағдарлама дайындаған. Сонымен бірге, қылмысты ашуға септігін тигізетін бейнекамералар орнатуға да көбірек көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов облыстағы қылмыспен күрес бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жа-йында баяндады. Қоғамдық орындар мен көшеде жасалатын және бұрын сотталғандар тарапынан істелетін қылмыс саны өткен кезеңдегімен салыстырғанда едәуір азайған.  Аса ауыр қылмыс деңгейі де біршама төмендеген. Әсіресе, жол апаты оқиғаларының кеми түсуі  осы бағытта жүргізіліп отырған жұмыстардың нақты бір көрінісі десе болады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы бірқатар түйткілді мәселелерді де айтып кетті.
Облысымызға ғана емес, елімізге танымал іргелі шаруашылық саналатын «Родина агрофирмасы» серіктестігінің директоры Иван Сауэр әріптестеріне ой саларлық бірқатар маңызды ұсыныстар жасады.
Ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторлар, басқа да маңызды буындағы мемлекеттік қызметшілер қызмет пәтерімен қамтамасыз етілуі қажет деген ұсынысын айтты. Ауылдық жерде үй бағасы оншалықты қымбат емес, ел үшін маңызды шаруа атқаратын бірқатар жауапты мамандарды қызметтік баспанамен қамтамасыз ету оншалықты көп шығынды қажет етпейтін маңызды іс. Жекешелендіруге жатпайтын мұндай пәтерлер ауылдағы мамандардың баспана мәселесін түбегейлі шешер еді, – деді ол.
Ақкөл ауданындағы «Хлебороб» серіктестігінің басшысы Владимир Стихляс ауылдық жерлерде құқық сақтауға учаскелік инспекторларға жергілікті тұрғындар, әсіресе, жастарды ерікті жасақшы ретінде көмекке тартқан жөн деген пікір айтты.
Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев  ауыл тұрғындарының жұмысқа орналасу, несие алу сияқты мәселелерін шешуге көмектесетін құзырлы орган өкілдерінен құралған жұмыс топтары құрылып, жергілікті жерлерге барып тұрса деген ұсыныс білдірді. Мәжілісті қорытындылаған облыс басшысы қылмыстың алдын алу сияқты маңызды мәселені шешуге игі ықпалын тигізетін бағдарламаны жан-жақты талдап, оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру қажеттігін айта келе,  бұл істі құзырлы орган басшыларына  жүктеп, нақты тапсырмалар берді.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар