Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - АРҚА АЖАРЫ

13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні

Құрметті Ақмола облысы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкерлері!

  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажыр-қайратының арқасында ұлттық қауіпсіздік
органдары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның сенімді қорғанысына айналды.
Бүгін сіздер мемлекетіміздің мүддесін қорғау барысында өздеріңізге жүктелген әрбір істі жоғары жауапкершілікпен абыройлы атқарып келесіздер. Пікірлестер мен кәсіби мамандардан құралған берік ұжым – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұлттың қауіпсіздігін сақтау, террорлық және экстремистік әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстарын жүйелі атқарып, мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына игі ықпалын тигізуде.
Алдағы уақытта да біздің еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, Ата Заң негізін сақтауға қызмет ететіндеріңізге сенімдімін.
Алдағы уақытта сіздерге мықты денсаулық, біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне бағытталған сан қырлы қызметтеріңізге табыс тілеймін!    

Мәлік МЫРЗАЛИН, Ақмола облысының әкімі.

 

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері!

 Сіздерді кәсіби мереке – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күнімен құттықтаймын!
25 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау жолында көптеген жетістіктер мен мол тәжірибеге қол жеткізіліп, қорғанысымыздың күш-қуаты жылдан жылға нығаюда.
Еліміздің тыныштығы сақталып, дамуына, одан әрі қуатты мемлекет ретінде өркендеуіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қосып отырған үлестері өте зор. Комитет қызметкерлері Отанға шын жүректен берілудің үлгісіндей болғандықтан, халық арасында үлкен беделге ие.
Әсіресе, осындай қиын, алайда өте қажет еңбекте даналығы мен құнды тәжірибелерін жастарға үлгі ете білген ардагерлерге депутаттар атынан ерекше алғысымды білдіремін. Бірлік пен тыныштық тәрізді жалпы азаматтық құндылықтарды сақтап, еліміздің болашағы үшін аға ұрпақтың жинаған мұрасын біз  тек бірге молайта аламыз.
Барлық қауіпсіздік сақтау саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Азаматтардың бостандығы мен әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңізде толайым табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін! Еліміз әрқашан аман, жұртымыз тыныш болсын!

Дулат НҰРМОЛДИН, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар