Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астана күніне орай, Көкшетау азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде болашақ өрт сөндіру мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу кешені мен қоян-қолтық ұрыс өнерінің ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. - АРҚА АЖАРЫ

Астана күніне орай, Көкшетау азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде болашақ өрт сөндіру мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу кешені мен қоян-қолтық ұрыс өнерінің ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

 Кәсіби білімнің қос нысаны 

 

Колледж басшысы Шоқан Қасымның айтуынша, аталмыш оқу ордасында 2009 жылдан бері  «Өрт қауіпсіздігі» мен «Төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс» мамандықтары ашылған. Алдағы уақытта оқу орнының білім алушылары аталмыш ғимараттағы төрт қабатты және үш жолақты өрт мұнарасында жаттыға алады. Бір ұтымдысы, бұл жер кез-келген жыл мезгілінде  ауа райының қолайсыздығына қарамастан шынығып, оқу мен іс-тәжірибені ұштастыруға қолайлы.  
Салтанатты шарада Көкшетау техникалық институтының басшысы, өртке қарсы қызмет полковнигі, техника ғылымдарының докторы Сырым Шәріпханов сөз сөйлеп, колледж басшылығына болашақ өрт сөндіру мамандарына лайықталған аса қажетті нысанды іске қосқандары үшін зор алғысын білдіре отырып, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.
Ал, қоян-қолтық ұрыс өнерінің ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанатында спортшы жас-тар өз өнерлерін ортаға салып, жиналғандарды тәнті етті. Бұл спорт кешенінің басты ерекшелігі жас спортшылар жаттығу үрдісіне ғылыми тұрғыдан қарап, ұрыс өнеріндегі әдіс-тәсілдерді тереңірек зерделеп, кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Салтанатты жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов елімізде кәсіптік білімнің өркендеп дамуына көңіл бөлініп келе жатқандығын баса айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар