Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кіре беріс жол кеңейтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Кіре беріс жол кеңейтіледі

Көкшетау қаласына кіре берістегі «Астана-Петропавл» тас жолын байланыстыратын күре жолды жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынуда.

  Аталмыш жол жаңадан салынған еңселі, сәулетті қала қақпасын қақ жарып өтеді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, 2010 жылы «Астана-Петропавл» тас жолын пайдалануға берген кезде белгілі бір себептермен Көкшетау қаласына кіре берістегі ұзындығы 11 шақырым жолдың құрылысын жүргізу ескерілмей қалған. Алайда, аталмыш жолмен автокөлік құралдарының жиі қатынайтынын ескере келе, бұл кемшілікті жою туралы жергілікті билік тарапынан талай мәрте мәселе көтерілді. Биыл бұл мәселе шешімін тауып, облыс әкімдігінің тікелей араласуымен республикалық бюджеттен
500 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.  
–Жоба бойынша жолды төрт жолақты етіп салу жоспарланған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Оны «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының тапсырмасына сәйкес, «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде,– дейді  Владимир Кулаков журналистерге берген сұхбатында.
Жалпы, бұл күре жол қазіргі заманғы стандарттарға сай салынбақшы. Жолдың бойында жарық беретін шамдар орнатылып, жиек тастар төселінеді деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018-2019 жылдарды қамтиды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар