Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Танымал желкеншілеріміз бар - АРҚА АЖАРЫ

Танымал желкеншілеріміз бар

Бурабай курортында желкенді регатадан жарыс өтіп, үздіктер марапатталды.

 

«Бурабай-2017» атты шараға Щучье көлінің жағасында ашылған «BurabayMarineClub» яхт клубының мүшелері ұйытқы болған. Желкенді регата жарысына еліміздегі және Ресейдің Омбы, Екатеринбург тәрізді қалаларынан келген тәжірибелі және жас яхташылар қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Қазақстанның намысын қорғағандардың арасында көкшетаулықтар: 2012 жылы Хайкоу қаласында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері, кайтсёрфингтен спорт шебері Александр Пархоменко мен 2015 жылы желкенді спорт бойынша Ресей Федерациясының чемпионы Сергей Воронов болды.
Шараға Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарыс жеңімпаздары алты кезең бойынша анықталды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Ольга Шердакова бастаған Екатеринбург қаласынан келген «Спрей» командасы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орынға көкшетаулық Сергей Вороновтың «Очаг» командасы лайық деп танылды. Ал, Александр Пархоменко бастаған тағы бір көкшетаулық  «Блюз» командасы үшінші орыннан көрінді.
Желкенді регата жарысы бард әнімен аяқталды. Оның ішінде жерлес суретші, туризм тақырыбындағы көптеген әндердің авторы Рашид Миниханов ең үздік бард атанды.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар