Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанды сүйеміз! Табиғатты сүйеміз! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанды сүйеміз! Табиғатты сүйеміз!

 «Технодом» ұлттық сауда желісі «Қазақстанды сүйеміз! Табиғатты сүйеміз!» деген атпен эко-қозғалыс құрды. Компанияның қызметкерлері жыл сайын аталған эко-қозғалыс шеңберінде өздері тұратын қалалардың маңайындағы қоқысты жинау үшін эко-жорыққа шығады.

2015 жылы компанияның 375 қызметкері – 1,5 тонна, ал, 2016 жылы 441 қызметкер – 3 тонна қоқыс жинады. Ағымдағы жылдың 13-14 шілдесінде көкшетаулық компания қызметкерлері  Қарағанды қаласынан эстафетаны қабылдап алып, қала маңындағы қоқысты жинауға жұмылды. Олар ұзындығы шамамен 3 шақырым жерді құрайтын Малта тасты шоқысының маңындағы қоқысты жинады.
Эко-жорықты тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қолдап, Малта тасты шоқы аумағын қоқыстан тазарту үшін бағыт белгілеп, қоқысты жинауға арналған полигонға автокөліктердің тегін кіріп-шығуын ұйымдастырды. Эко-жорыққа 72 қызметкер шығады.
«Технодом» компаниясының басшылығы қоршаған ортамызды сақтау және қорғауға бағытталған басқа да эко-жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2016 жылы электр-тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату үшін Қазақстан Республикасы аумағында 123 арнайы экобокс орнатты.
«Технодом» – электр-тұрмыстық және компьютерлік техника сатумен айналысатын ұлттық сауда желісі. Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылған. Қазақстан Республикасы аумағында 61 дүкені, Қырғызстан Республикасында 2 дүкені жұмыс істейді.
«ТЕХНОДОМ» компаниясының басты міндеті –  әрқашан тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсете отырып, олардың ойларынан шығу!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар