Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мандатыммен де, қаламыммен де қызмет еттім - АРҚА АЖАРЫ

Мандатыммен де, қаламыммен де қызмет еттім

Жабал Ерғалиев,  жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  V-VI-шы шақырылым депутаты

  Жалынды жылдар уысындағы уақыттың өзіне тән  көз ілеспес шапшаңдығы бар екен. 2011 жылдың 19 тамызында Ақмола облысынан  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланғаным да күні кешегідей еді.

 Енді міне, алты жылдай уақыт та өте шығып, депутаттық өкілеттілігімнің мерзімі де аяқталды.  Шүкір, тәубе деймін!  Бұл жылдар мен үшін қанаттанып, небір жақсы-жайсаңдармен араласып, жаңа бір тың ойлармен, жаңа шығармашылық шабытпен жұмыс істеген ең бір есте қаларлық кезеңім болды. Осы орайда,  ең әуелі Сенатқа депутат болуыма қолдау көрсетіп, зор сенім  артқан  Қазақстан Республикасының  Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Қос қанатты қос елім Көкшетау мен Ақмоланың халқына да, жергілікті әкімдер мен  мәслихаттардың барлық депутаттарына да зор алғысымды айтамын. Әлі де өз елімнің мүддесіне адал қызмет етуді басты мұратым санап отырмын.
Сенат депутаты болған жылдарымда ел мен Елбасының саясатын қолдауға, Сенаттың абыройлы істерін  кеңінен насихаттауға, Тәуелсіздігімізді баянды етуге, ұлтымыздың рухани жаңғыруына, Қазақстанды мекендеп отырған  барлық ұлттар мен ұлыстардың достығы мен ынтымағын нығайтуға, ел бірлігін сақтауға, Көкшетау мен Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге  өзімнің хал-қадірімше  сенаторлық мандатыммен де, жазушылық қаламыммен  де  атсалыстым.
Алдағы уақытта да тіршілік болса, сол жолдан айнымай, ел мен Елбасының саясатының жанынан табылып, Мәңгілік ел болу жолындағы асқаралы мұраттарды жүзеге асыруға атсалыса беруді өзімнің азаматтық парызым деп білемін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар