Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тартысты Ралли - АРҚА АЖАРЫ

Тартысты Ралли

Таяуда Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарында «Жібек жолы – 2017» халықаралық ралли жарысының төртінші кезеңі өткізілді.

 

Аталмыш ралли марафонының басты мақсаттарының бірі – бүкіл әлемге Ресей, Қытай және Қазақстан елдерінің мәдени-тарихи құндылықтарын, әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи деңгейін паш ету және осы елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту болып табылады.  Халықаралық автокөлік федерациясы да жарысты бастан-аяқ қадағалайды. Яғни, бұл дода әлемдік спорт стандарттарына сай ұйымдастырылды деген сөз.

 Осыдан жеті жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған автокеруенді қуана қарсы алған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан ел мен ел арасындағы өркениеттің, мәдениеттің алтын көпіріне айналды. Біз үшін осындай жарысқа қатысу үлкен қуаныш сыйлайды. Жарысқа қатысушылар әр елді тек спортпен сүйсіндіріп қоймай, әлем туралы білім көкжиегін  кеңітеді деген сенімдемін», – деп еді.
Біз бұдан аталмыш бәсекенің еліміз үшін маңыздылығын аңғарамыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта да әлемдік автоспорттағы ең айтулы шаралардың бірі ретінде танылып отырған автокеруеннің үш мемлекет арасындағы байланыстың тереңдей түсуіне септігін тигізетіндігін де айта кеткеніміз абзал. 7 шілде күні Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңнан бастау алған автокеруен
Қазақстанға 10 шілде күні келіп жетіп, раллиді бірінші болып Қостанай облысы қабылдады. Келесі күні жарысқа қатысушылар Астана қаласына арнайы ат басын бұрып,
«ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесін тамашалады.
Ақмола облысында өткен жарысты тамашалауға жиналған жанкүйерлер атақты спортшылардың шеберліктеріне тәнті болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жарысқа қатысушылар белгіленген межеден мүдірмей өтті. Франциялық автопилот Себастьен Лёбтің айтуынша, төртінші кезең өте тартысты болған.
– Жауынға байланысты жарыс жолы біршама қиын. Бірақ, қиындықтарды өткеріп, жеңіске жету автопилот үшін зор мәртебе. Ақмола өңірі табиғатымен ерекше ұнады. Халқы да қонақжай, жылы жүзді екен. Жарыс өте жақсы ұйымдастырылған, – дейді ол. Расында  да жүйткіген жүк көліктер мен жеңіл автокөліктердің жарысы өте тартымды өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойлы-ойпатты, дөңес-қыратты дала жолдарының бұралаң-бұлтарысынан шеберлікпен жүріп өту ержүректілік пен ептілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Сайдың тасындай іріктеліп, ел-елден жиналған кіл мықтылардың басын қосқан байрақты бәсеке естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесінен 22 шілдеге дейін Мәскеу-Астана-Сиань бағытында өтеді. Бұл әлемнің авторалли жұлдыздары қатысатын жетінші жарыс.      
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар