Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы және ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары қаралды. - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы және ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары қаралды.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы және ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары қаралды.

  Облыс әкімі кеңеске қатысушыларды алдымен жаңа тағайындаулармен таныс-тырды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 17 шілдедегі бұйрығымен Тәукен Темірбекұлы Ошақбаев Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Тәукен Темірбекұлы 1966 жылы туған, білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, «Қайнар» университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
1992 жылдан 1998 жылға дейін Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған. 1998-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы, Алматы облысының Талдықорған қаласы салық қызметтерінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды.
Жаңа тағайындауға дейін Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет істеді.
Бұдан кейін облыс әкімі 14 шілде күні өз өкімімен тағайындаған Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Дүйсебекқызы Қисықованы таныс-тырды.  
Сәуле Дүйсебекқызы 1963 жылы туған, білімі жоғары, Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін заңгер және қаржы бакалавры, Алматы менеджмент университетін іскерлік басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласындағы №8 қалалық емханасында учаскелік дәрігер-терапевт, емдеу-профилактикалық бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2004-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасында жауапты қызметтерде істеді.
Жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды.    
Аппарат кеңесінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуы туралы баяндама жасады. Бағдарлама бес бағытты қарастырады. Облыста 39 жобаны жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 693,5 миллион теңге бөлінген. Ақмола облысында қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша құрылыс айтарлықтай өрістей түсуде.
Әсіресе, халықтың аз қамтылған топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын жасауға ұлттық қордан 1 562,5 миллион теңге қаржы бөлу іске асырылған. Осының арқасында Көкшетау қаласында 40 пәтерлік сегіз тұрғын үй, Аршалы және Жақсы аудандарында көп пәтерлі екі тұрғын үй  құрылысы жүргізілуде. Олардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да бірге қолға алынуда. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыты бойынша 14 елді мекенде, тұтастай алғанда жеті ауданда тұрғын үй құрылысын өрістету көзделіп отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы несиеге берілетін үйлер де назардан тыс қалмаған. Жыл аяғында облыс орталығында 206 пәтерлі 6 көп қабатты үйді пайдалануға беру көзделуде.
Бір сөзбен айтқанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы облыста тұрғын үй құрылысын жеделдетуге жаңаша серпін беретіндігі айқын.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындыларын қарау барысында республика бойынша былтырғы 15 орыннан 9 орынға көтерілгеніміз де көңілді бір көтеріп тастады. Биыл облыста бес пәннен орташа көрсеткіш 79,91 баллға жетті. Ақкөл, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласы, Целиноград, Бурабай және Егіндікөл аудандарында нәтиже облыстық орташа көрсеткіштен жоғары болды. Ал, қалған аудандарда бұл жағы кемшін соқты. Ақкөл ауданынан Айлана Байназарова, Атбасар қаласынан Амнат Огаева, Көкшетау қаласының Станционный кентіндегі №7 орта мектептен Абдолла Ыдырыс 134-133 аралығында балл жинап,  ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Өз сөзінде облыс әкімі құрылыс саласындағы кейбір өзекті мәселелерді тездетіп шешу, барлық аудандар мен қалалардың жүктелген міндетті орындауы тұрғысында нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, биыл тұтастай алғанда ұлттық бірыңғай тестілеудің ұйымшылдықпен өткізілгенін атап өтіп, білім басқармасының алқа мәжілісінде, тамыз кеңесінде, сондай-ақ, әкімдік мәжілістерінде былтыр алда болған аудандардың неліктен өз көрсеткіштерін төмендетіп алғанының себеп-салдарын анықтауды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар