Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоршаған ортаға немқұрайлымыз - АРҚА АЖАРЫ

Қоршаған ортаға немқұрайлымыз

Қазіргі уақыт жеміс-жидектің уылжып піскен шағы. Сондықтан да, орман ішінде адам көп. Табиғат-ананың сыйын жинаушылармен бірге таза ауа жұтып, орман ішінде сейілдеуді ұнататындар да аз емес.

  Адам аяғы көбейген сайын қауіп-қатер де бас көтермек. Оның ең негізгісі – орман өрті. Көп ретте демалушылар ас қалдығын, сусын ыдыстарын жинамай, ағаш ішіне бей-берекет тастап кетеді. Бірте-бірте жасыл жапырағы жайқалған саялы орман іші осындай қалдықтардың ордасына айналады. Краснояр бағытына шығатын жолдың сол қапталындағы мөлтек ауданның тұрғындары сәл әріректегі орман қойнауын рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орынға айналдырып алды. Орманшылар бұл мәселе туралы әлденеше рет айтып, тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізгенімен, нәтиже шығатын емес. Қолданылып жүрген заңға сәйкес айыппұлдар да салынуда. Әлгі қоқыс тастайтын жердегі жеңіл заттар желмен ұшып, бөктердегі барша орманды ластауда.
Табиғат – біздің баға жетпес асыл қазынамыз. Сондықтан, оған бүгінгі күннің биігінен ғана емес, болашақпен байланыстырып қарауымыз керек.  Осы ретте,  «Бұқпа» орман шаруашылығының қызметкерлері облыс орталығындағы білім ошақтарының оқушыларымен ұдайы жұмыс жүргізеді. Мұндай алдын алу шаралары барысында жас жеткіншектерге өрт қаупі мол жаз айларында орманды өрттен қалай сақтау керектігі туралы кеңірек айтылуда. Негізінде, ондай тақырыптар «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Табиғатқа көзқарас» тәрізді арналарға бөлінген. Құрғақ уағыз ғана емес, неғұрлым ұғынықты болуы үшін жүздесудің формасы да әрқилы болып келеді. Өзара еркін әңгіме, орманның қасиеті мен қажеттілігі туралы қызғылықты деректермен көмкерілген мәнді баяндама, әркім өз пікірін еркін білдіретін пікірталастар ұйымдастырылады.
Табиғаттың тілсіз жауы – өрт. Содан соң замандастарымыздың бойындағы қоршаған   ортаға жетіспей жатқан қамқорлық пен ішкі мәдениет. Біздің өлке бай табиғатымен ерекшеленетіндігі баршаға белгілі. Сондықтан, тағы бір мәрте жалпақ жұртқа жоғарыдағы жайларды ескертсек, артықтығы болмас.
Төлеген ТОМАНОВ,
орман шебері.     
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар