Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыйға берудің тиісті шарты бар - АРҚА АЖАРЫ

Сыйға берудің тиісті шарты бар

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Қазақстан Республикасының сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлікке деген құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте қабылдауы» мемлекеттік қызметін жүзеге асырады.

Мүлікті жекеменшіктен мемлекеттік меншікке беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген «Cыйға тарту шарты» бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі.
Аталған ережелерге сәйкес сыйға тартушы сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке беретін мүліктің меншік иесі болып табылады. Меншік иелері жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде сыйды алушы болып табылады. Мүлік республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылданады. Сонымен бірге, меншік иесі сыйға тарту бойынша қызметке жүгінген кезде мүліктік құны туралы мағлұматты беруі керек. Жеке тұлғалардың мүлігін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлігінің құны баланстан үзінді көшірмемен немесе бағалаушы жасаған бағалау туралы есебімен расталады.
Одан басқа, меншік иесіне жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу куәліктерін ұсынуы қажет. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – заң актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, өйткені, жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, өзгеруі немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауын міндетті рәсімдейді. Автокөлік құралын пайдалану және жол жүруіне қатысуға рұқсат ету мақсатында көлік құралдарын есептеу және міндетті мемлекеттік тіркеу қарастырылған.
Жергілікті атқарушы органдар мүлікті меншік иесінен өтініш алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекеттік меншікке алуының қажеттігі туралы қорытынды ұсыну үшін орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрі – әкімдік) сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы хабардар етеді. Аудан (қала) әкімдігі тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу қажеттілігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды. Негізгі өлшемдер экономикалық орындылығы, мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы, берілетін мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.
Аталған мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау тиімді болған жағдайда, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүліктері бойынша сыйға тарту шартын жасау туралы шешім Ақмола облысының әкімдігімен қабылданады.
Биыл жарты жыл ішінде мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасында мүлікті мемлекетке өтеусіз беру туралы 3 өтініш қаралды, олар бойынша мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкін сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылданды.

Айша ЖАНӘДІЛОВА,
облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар