Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қара киім қазаққа жат - АРҚА АЖАРЫ

Қара киім қазаққа жат

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев таяуда еліміздің бас мүфтиі бастаған бірқатар дінбасыларын қабылдауы кезінде ер адамдардың шолақ шалбар киіп, сақал қоюына, әйелдердің бастан-аяқ қара матамен бүркеніп жүруіне тиым салу қажеттігі жайында мәселе көтерген еді.

 

Қазақ дәстүріне қайшы келетін, бүгінде әсіре діндарлардың өздерін өзгелерден ерекшелеуі үшін жасайтын бұл әрекеттеріне заң арқылы тиым салу қажет-ақ.
Қарағандыда маршрутты таксиде паранжы киген әйелді билет сатушы автобустан шығарып жіберіпті. Қолында пакеті бар, басынан аяғына дейін қара матамен бүркенген, тек көз қиықтары ғана ашық әйел шағын автобусқа отырғанда жолаушылардың бойын үрей билеп, билет сатушыдан оны шығарып жіберуін талап етеді. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ол әйелдің автобустан түсуін сұрайды…
Әлемнің әр түкпірінде лаңкестік әрекеттер жиілеп, жазықсыз жандардың қаны төгіліп жатқан қазіргі күні жасыратыны жоқ, жұрттың бәрі паранжы киген әйелдер мән қауғитып сақал қойған, шапан киген еркектерден үрейленетін болды. Өйткені, шаһид белдігі деп аталатын жарылғышты белдеріне байлап алып, жұрт жиналған жерге барып, өзін де, өзгелерді де қанға батыратындардың бәрі осындай паранжы жамылған әйелдер мен сақалды еркектер. Өздерін мұсылманбыз және мұндай әрекетті ислам діні үшін жасап жүрміз дейтін ондайлардың  исламға еш қатысы жоқ дегенді дін қызметкерлері айтудай-ақ айтып жатыр. Дегенмен, «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, намаз оқып, бес парызын орындайтын және өздерін мұсылманбыз дейтін бұл адамдарды былайғы жұрт қалай дегенде де
мұсылман деп санайды. Осылайша әсіре діндарлар бүгінде бір жарым миллиардтай адам ұстанатын мың жарым жылдық тарихы бар дәстүрлі діннің абырой беделіне қара күйені аяусыз жағуда.
Ислам діні әйел адам бастан аяқ түгел тұмшаланып жүрсін демеген. Бұл енді әсіре діндарлардың ойдан шығарған әсіре дәстүрлері. «Заманына қарай адамы» демекші, пайғамбар заманында ер адамдардың сақал қоюы сән болса, қазір заман өзгерді. Әйел паранжы жамылмаса, ер адам сақал қоймаса мұсылман болмайды деу оғаштық қана емес, есуастық та.
Бастан-аяқ қара мата жамылған әйелдер мен қауға сақалды жігіттер Көкшетауда да әредік көрініп қалады. Басқаны қайдам, қап-қара киінген, беті-аузын тұмшалаған әйелдерді көргенде көз алдыңа шаһид белдігін тағып, жазықсыз жандардың өмірін қиып жататын жанкешті елестеп, бойыңды үрей билейді екен. Қарағандыдағы оқиға осыны айғақтайды.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар