Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқ – «Әлеуметтік қызметші» - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқ – «Әлеуметтік қызметші»

Жасы сексеннен асқан зейнеткер пәтерінің есігін біреу қағып тұрғанын естиді.

  Есіктің  әр жағындағы азаматтан кім екенін сұрайды. Әлгі жігіт әлеуметтік қызметтен келгендігін айтып, зейнеткердің пәтеріне кіреді. Хал-жайды сұрап болған соң, әлгі жігіт зейнеткерге Астана күні мерекесіне орай, зейнеткерлерге мемлекеттен 11 мың теңге мөлшерінде сыйақы берілгенін хабарлап, оған 20 мың теңгені ұсынады. Қартайған шақта бір адамның өзіне көңіл бөліп, мерекемен құттықтай келгеніне әбден қуанған әжей әлгі жігітке 9 мың теңгесін қайтарып береді.
–Күнімен зейнеткерлердің есігін қағып, сыйақыларын үлестіріп жүрмін, бір кесе су беріңізші, – деп «әлеуметтік қызметші» әлгі әжейден су сұрайды. Зейнеткердің ас бөлмеге суға кеткен сәтін пайдаланып, оның сөмкесіндегі тірнектеп жинап жүрген 90 мың теңге мөлшеріндегі бар қаражатын үптеп кетеді.
Барлық жайды кейін түсінген әжей құқық қорғау органдарына хабарласып, болған жайды айтып береді. Алаяқ жігіттің берген 20 мың теңгесі кәдесыйлық купюра болып шығады.
Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері осындай алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін пәтерлеріңіздің есігін қаққан кез келген қызмет өкілдерін ішке енгізбес бұрын ең алдымен, олардың қызметтік немесе жеке куәліктерін сұрап, сол қызметке хабарласып, осындай адамның сонда жұмыс істейтіндігін анықтап алу қажеттігін ескертеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар