Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қолжетімді жер» бұл – кәсіпкерлерге арналған жоба - АРҚА АЖАРЫ

«Қолжетімді жер» бұл – кәсіпкерлерге арналған жоба

Қалалық прокуратура кәсіпкерлердің өз бизнестерін дамытуы үшін бос жер телімдерін пайдалануға беру мақсатында «Қолжетімді жер» жобасын әзірледі.
Көкшетау қаласының аумағы 42 мың гектардан астам жерді құрайды. Тұрғындар саны 160 мың адам болса, оның 20 мыңнан астамы кәсіпкерлер. Осы кәсіпкерлерге өздерінің ісін дөңгелетіп әкетулері үшін басты кедергі болып отырған мәселе – коммерциялық мақсаттағы бос жер учаскелері туралы ақпарат алу көздерінің болмауы. Басқаша айтар болсақ, кәсіпкерлік іспен айналысқысы келетін адамдар қалада өз бизнестерін бастауға немесе әрі қарай дамытулары үшін қажетті құрылыс нысандарын салуға арналған бос жерлердің бар-жоғынан бейхабар.   
Мәселен, 2016 жылдың ішінде қалалық прокуратурада құқықтық қорғау мәселелері бойынша 166 арыз-шағым қаралып, оның басым бөлігі бизнес субъектілерінен түсті. Осындай мәселелерді шешу үшін қалалық прокуратура қызметкерлері «Қолжетімді жер» жобасын әзірледі. Мұндағы енгізілген басты жаңалық – әкімнің сайтында қаланың картасы салынып, бос жер учаскелері жасыл түске боялып көрсетілді.
Жобаның арқасында коммерциялық мақсатқа арналған бос жер учаскелері туралы ақпараттардың ашықтығы артты, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына кәсіпкерлердің сенім деңгейі жоғарылады, кәсіпкерлікті дамыту жолындағы кедергілер азайды, құқықтық жер қатынастарының транспаренттік деңгейі артты.  
Сонымен бірге, бұл жоба жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстарды көбейтіп, бизнестің салықтық базасын жаңартуға және қолданыста барын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес басым бағытты іске асыру үшін біздің алдымызға 100 нақты міндетті анықтап берген болатын. Сондағы реформалардың бірі – индустрияландыру мен экономикалық өсім болып табылады. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Сондықтан, жаңа жоба кәсіпкерлердің ісін жеңілдететініне сенімдіміз.
Қазіргі уақытта сайттың көмегімен қырықтан астам бизнес субъектілері жер учаскелеріне қол жеткізді.

Көкшетау қалалық прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар