Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шұғылалы бидің шуағын төккен «Гәкку» би ансамблі тәуелсіз еліміздің мәдени тынысына тың серпін беруде - АРҚА АЖАРЫ

Шұғылалы бидің шуағын төккен «Гәкку» би ансамблі тәуелсіз еліміздің мәдени тынысына тың серпін беруде

Сахнаға аппақ нұрға шомылып, айдын көлде сыланған аққу қыздар хас сұлулығымен көз суырып барады. Самал желге тербелгендей үлбіреген үкілері, ақ маталы жібек көйлектері қандай жарасымды десеңізші! Бірде толқын болып тербеліп, енді бірде құстай қанат қағады.

Жан жүректі ерітіп, тылсым сырына еліткен сырлы музыка да неткен мөлдір, неткен нәзік! Биші қыздардың ерке қылықтары өзіне ұмсындырғандай. Қазақ қызына қашанда бүрмелі көйлек, үкілі кәмшат жарасқан. Өрімдей қыздарды ұлттық өнерге баулып, шұғылалы бидің шуағына бөлеп жүрген «Гәкку» би ансамбліне биыл – 10 жыл! Аталмыш би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Ордабаеваның айтуынша, ансамбль көптеген қалалық, облыстық, республикалық, тіпті, халықаралық конкурстардың жеңімпазы атанған.   
Әңгімені әріден бастасақ,  аталмыш  ұжым 2007 жылы облыстық филармониясы жанынан құрылып,  өнер айдынына жол тартты. Таяуда аталмыш ансамбль құрылғанына 10 жыл толуы-
на орай шығармашылық есептік концертін өткізді. Осы арада бір айта кететін жай, кәсіби бишілер мен талантты жастарды бір орталыққа шоғырландырып, Ақмоланың абыройына айналған  өнер ұжымының іргетасын  берік еткен Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, режиссер-хореограф Гүлмира Ордабаева  ересен іс тындырғандығын атап өткіміз келеді.
– 10 жыл оншалықты көп уақыт емес әрине. Дегенмен, осы қысқа мерзім аралығында  ансамбль Қазақстан Республикасы би ұжымдарының  арасында алдыңғы қатардан көріне білді. Қол жеткізген табыстарымыз да, алға қойған мақсат-мүддеміз де көп. Келешекте қазақ би өнерін биікке шығаруда қолға алар істеріміз бен алға қойған жоспарларымыз да баршылық. Осы істің үдесінен шығу үшін дарынды жастарға артылар сенім зор. Өз басым Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегімін. Орта мектепті үздік тәмамдаған мені ата-анам заңгер болады деп ойлаған. Бірақ, мен жүрек қалауыммен Алматыға арман қуып, өнер шаңырағында өз бағымды сынап, оқуға түсуге ниет білдіріп, емтихан тапсырдым. Сөйтіп, оқуға қабылданып, өнер өлкесіне алғашқы қадамымды жасадым. Ордалы оқу орнында оқи жүріп атақты «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінде де өнер көрсетіп едім. Алайда, қолыма диплом алғасын отбасы жағдайына байланысты Көкшетауда еңбек жолымды бастадым, – дейді бізбен ой бөліскен осы ұжымның  жетекшісі Гүлмира Ордабаева. – Бұл ұжымның іргетасын қалаған Мәдина Тілеулина апайымыз еді,–деп сөзін әрі жалғады хореограф. – Қазақы бояуы қанық билер мен  өзге  де халықтардың  әлемге әйгілі  туындылары  би ансамблінің репертуарынан берік орын алған. Модерн, заманауи билерді де билейміз. Десек те, ұлттық би өнерін насихаттауға көп көңіл бөлеміз.
Уақыт өткен сайын  шеберліктері мен тәжірибелері толысқан «Гәккудің» бишілері осы кезге дейін ондаған хореографиялық қойылымды сахналап үлгерді. Ұжым репертуарында  концерттік қойылымдар ғана емес, сондай-ақ, жеке би спектакльдері де бар. Ал, репертуардың ішіндегі ең сүбелісі –  Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  иегері, КСРО-ның халық әртісі, халық қаһарманы, қазақтың  әйгілі күйші-композиторы, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық шығармаларын негізге ала отырып орындалатын «Гәкку» биі.  
Сайын даланың ерке төсінде құлпырып өскен қызғалдақтай көздің жауын алатын көркем қыздар сахнаға көтеріліп, шыр көбелек билей жөнелгенде шағала көңіл шарқ ұрып, қалықтай жонелетіні бар. Сылқылдай күлген бұлақтай сыңғырлаған шолпылары, күлімдеп жүріп шуақ шашқан күндей нұрлы жүздері, мың бұралған билері тамсантпай қоймайды.
 Шығармашылық ұжымның қоржынында тағы бір айрықша атауға тұрарлық туындылардың бірі «Толғау», «Тұмар қыз», «Қос алқа», «Гүлдер сюитасы» және тағы басқа сүбелі өнер туындылары бар.
Айта берсек, би ұжымының репертуары да жыл өткен сайын толысып келеді.  «Долан машрап», «Ханшайымдар вальсы», «Қойшы» атты билер талғампаз жұртшылықтың көңілінен шығуда.
«Гәкку» би театры  республикамыздан тыс шет мемлекеттерге де танылып үлгерді. Өнер ұжымы шет елдерде атап айтсақ, Үнді, елінде болып, ұлтымыздың би өнерін насихаттап қайтты. Ал, осы уақыт аралығында жеңіп алған жүлделері қаншама! Мәселен, 2012 жылы Астана қаласында өткен Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған республикалық би конкурсында А.Мұсаходжаева атындағы арнайы «Үміт» сыйлығын жеңіп алып, лауреат атанды. 2013 жылы  халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. 2013 жылы Шымкент қаласында өткен «Бұраң бел» халықаралық би байқауында жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Тізіп жаза берсек толып жатыр.
Ұжым құрамында басында алты қыз болса керек. Негізгі құрамда 12 биші. Үстіміздегі жылы кіші топ ашылып, онда 5 жасар бүлдіршіндерді қабылдап, би өнеріне баулуда. Жекелеген бишілер   Гүлбахарам Тұрсынбек, Перизат Серғалиева, Дидара Ордабаева, Салтанат Қанафина, Наргиз Ілияс, Дана Жандәулетова, Альмира Жолданғар, Дидара Сыздықова, Айдана Распаева, Әйгерім Қабдырашитова, Аружан Талапкер, Жанел Жүнісова сынды дарынды жастар ұжым ілтипатына бөленіп,  би өнерінің биігінен көрініп жүр бүгінде.
– Жуырда талантымен танылған біздің би ұжымы  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде де Астанадағы Ақмола облысы күндерінің аясында табысты өнер көрсетіп оралды. Сөйтіп, Алаштың  бас қаласында би өнеріне ерекше талғампаздықпен қарап,  ұлттық дәстүр, халықтық  нақыштағы  туындыларды үлкен сахнаға шығарып,  ұлттық дәстүрлерімізді кеңінен насихаттай түстік. Ұлттық дәстүр – ұлы мектеп. Осыны әрқашан ұмытпағанымыз абзал, – дейді  балетмейстер  Гүлмира Ордабаева.
Ендеше,  біз де өз тарапымыздан «Гәккудің»  гүл жайнаған қыздары алдағы уақытта да ұлттық би өнерін биіктете берсін деген тілек айтқымыз келеді.

Суретте: «Гәкку» ансамблінің бишілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар