Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылдың наурыз айы мен мамыр айының аралығында Түркияның Болу қаласына Қазақстаннан 30 имамды оқуға шығарып салған болатын.
Айта кетейік, еліміздің имамдарын Түркияда оқыту жұмысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия дін істері басқармасының ортақ келісімі аясында бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның дін қызметкерлері Болу қаласында имамдардың білімін жетілдіру орталығында екі айлық курста дәріс тыңдап қайтты. Түркияда оқып келгендердің қатарында Целиноград ауданы Төңкеріс ауылы мешітінің имамы Бекболат қажы Хасенұлы да болды. Бекболат қажы алған білімі мен жинаған тәжірибесін асыл дініміздің өркендеуіне жұмсамақ. Пайғамбарымыздың хадисінде «Әр нәрсенің жолы бар, жәннаттың жолы ілім мен ғылыммен келеді» демекші, дін қызметкерлері үшін білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырудың маңызы аз болмайтыны анық.
Роза ҚАДІРЖАН.
Целиноград ауданы.