Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардың жасыл желегі - АРҚА АЖАРЫ

Жастардың жасыл желегі

Степногорск қаласында өткен  «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының форумы  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерге арналды.

Шараға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлнәз Әбілова, «Жасыл ел» республикалық штабының  жетекшісі Тоқтар Болысов, облыстық штабтың жетекшісі Владимир Одинцов және қаланың белсенді жастары қатысып, бір топ белсенді қыз-жігіттерге дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырылды.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы. Сол жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының республикалық штабы өз жұмысын бастап кеткен еді. Еңбек жасағының басты мақсаты – елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 48 миллион теңге бөлініп, оның 10 миллион теңгесі еңбек жасақтарының сарбаздарына арнайы киім тігуге жұмсалды.
–Ел жастары болашағымыздың кепілі. Сондықтан, жастарды қолдау, олардың мәселелерін шешу барлығымыздың ортақ міндетіміз. Ал, еңбек жасағына келетін болсақ – ол жастарымызға өзіндік ерекше тәрбие беретін үлкен ұйым. Кейбір теріс мінезді  жастарды осындай еңбек жасақтарына тартқанымыз дұрыс деп есептеймін. Еңбек етуге келген әрбір жасөспірім өзінің бойындағы жаман әдеттерден арылып, алдағы уақыттарда өз уақытын тиімді өткізуге тырысып, өздерінің материалдық жағдайларын түзетіп қана қоймай, елді мекеніне, қоршаған ортасына барынша үлесін қосып, пайдасын тигізіп жатыр. Ең бастысы, адал еңбектің құнын бағамдайтын ұл-қыздар қатары өсе түсуде, – деді өз сөзінде Ринат Галлямов.
Жалпы, Ақмола облысында 2005 жылдан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 9331 адам жұмыс істеді. Олар 10890 гектарға жуық орман шаруашылығы жұмыстарын атқарып, 2 миллион 750 мың ағаш өсірілді.
– Өз басым Степногорск қаласы туралы көп естіп едім, енді өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын. Өткен жылы қала аумағында Дельфий ойындарының өткені өте үлкен көрсеткіш деп есептеймін. Естуімше Степногорскіге келген халықаралық қонақтар өткізілген ойындарға өте жақсы бағасын беріпті. Бұдан басқа мен «Жасыл елдегі» жаңалықтарға да тоқталып кеткім келеді. Бірінші кезекте ол республикалық бюджеттің трансфертін облыс бюджетіне аударылуы. Бұл ең бастысы сарбаздарға жалақы уақытылы төленеді. Жаңартылған жұмыс киімдері де көпшіліктің көңілінен шығуда, –деді республикалық штаб жетекшісі Тоқтар Болысов.   
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Облыс орталығынан келген «Агрофак» көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелері өздерінің жарасымды әзілдерімен жастардың көңілін көтерді.  

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар