Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бостандыққа шыққандар өмірде орнын тапсын деп... - АРҚА АЖАРЫ

Бостандыққа шыққандар өмірде орнын тапсын деп…

Қазақ «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп бекерден-бекер айтпаған. Өмір жолында жаңсақ басып, заң бұзып, сотталып жататындардың бәрін қылмыскер деп, қоғамнан  шеттету дұрыс емес.

  Қазіргі қылмыстық атқару жүйесінің басты жұмыс бағдары – жазасын өтеушілерді қателіктерін түсініп, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге, қоғамға қайта оралып, толыққанды өмір сүруге дайындау.
Қылмыстық атқару жүйесі осы орайда, жазасын өтеп бостандыққа шығатындарды өмірге дайындауға арналған арнайы бағдарлама жасап, сол бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Бұл бағдарлама бостандыққа шығуға алты ай мерзім қалған азаматтарға арналған. Психолог мамандар олармен күн сайын арнайы жұмыс жүргізеді. Өмірінің біраз жылын түзеу мекемесінде өткізген жазасын өтеуші үшін бостандыққа шығу үлкен қуаныш екендігі белгілі. Бірақ, сонымен бірге, олардың көбінің бойында бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірлері үшін қорқыныш пен күмән да аз болмайды. Жасыратыны жоқ, бұрын сотталған адамдардың еңбекке орналасуы оңай емес, сондай-ақ, олардың көбінің нарық сұранысына ие кәсіби мамандықтары да жоқ. Сонымен бірге, олардың арасында отбасынан бақытын таппағандар аз емес. Осы жайлардың бәрі бостандыққа шығатын адамның қуанышына көлеңке түсіріп қана қоймай, алдағы өмірім қалай болар екен деген күмәнді күшейте түседі.
Жоғарыда аталған бағдарламаның мақсаты – бостандыққа шығатын сотталушыны өмірге даярлау, олардың бойына жауапкершілік, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, қиын жағдайларға бейімделе білу, ізгі қасиеттерді бойына орнықтыру, құқықтану сауатын арттыру, отбасы бақытына деген ынта сияқты қасиеттерді сіңіру. Бағдарлама шеңберінде мамандар әрбір сотталушымен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, онда белгіленген міндеттерді сатылап орындауды жүзеге асырады. Бұл бағдарлама басталғалы көп уақыт өтпесе де, нәтижесі қазірдің өзінде анық көрініп отыр. Осы бағыттағы мақсатты жұмыстардың арқасында бостандыққа шығатын жазасын өтеушілер үлкен өмірге үміт пен өз бақытын табатынына деген сенімді серік етіп шығады. Осы қадам бір кезде жаңсақ басқан азаматтарымыздың қоғамға қайта оралуына үлкен ықпалын тигізетінін тәжірибе көрсетуде.

Мерейгүл ҚОЖАХМЕТ,
облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің инспектор-психологы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар