Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестициялық субсидия – мемлекеттік қолдау көзі - АРҚА АЖАРЫ

Инвестициялық субсидия – мемлекеттік қолдау көзі

«Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет» деп Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы жарияланған Жолдауында ел дамуының маңызды бағытын айқындаған болатын.

  Елбасының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында  агроөнеркәсіп кешенін дамытудың   2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  қабылданды. Бұл мемлекеттік бағдарлама  нарықта  сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері  өндірісін қамтамасыз ету қажет деген  мақсат қойды.
Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылдың 1 ақпанындағы №48 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өзін-өзі ақталуын арттыру жолымен агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттарында  инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
2016 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді және мемлекеттік қызметті жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінді.
Аталмыш стандартқа сәйкес өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады, ал, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешені субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау жөніндегі операторлық қызметін  «Қазагромаркетинг» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы атқарады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды ұсынудың тәртіптері мен құжаттардың тізбесі  Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтында www.ush.akmo.kz орналасқан.
Гүлнұр ҚАЙЫРЛЫҚЫЗЫ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар