Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет кадрлардан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет кадрлардан басталады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облыстық департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың төрағалығымен өткен семинарда өңіріміздің персоналдық қызмет басқармалары мен бөлімдерінің биылғы жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс қорытындылары талқыланып, мамандардың біліктілігін жетілдіру жайы сөз болды.

  Департаменттің басқарма басшысы Райхан Біратаева биылғы жылдың алғашқы жартысындағы мемлекеттік органдардың персоналдық қызмет басқармалары мен бөлімдерінің  жұмыс қорытындылары туралы баяндап, жетістіктер мен назар аударылатын өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті. Биылғы жылдың көктемінде мемлекеттік қызметшілердің «Б» тобы аттестациядан өткені белгілі. Ардагерлер мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылған аттестациялық комиссия мемлекеттік қызметкердің білімі мен біліктілігін әртүрлі қырларынан анықтауға жете көңіл бөлді. Мамандар үшін үлкен сын болған аттестация барысы мемлекеттік қызметшілердің білімдері мен біліктіліктерін барлық қырынан ашып бергендей болды. Аттестация қорытындысына сай,   321 маманның қызметтерін өсіруге ұсыныс жасалды. Бүгінде  облысымыздағы мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызы жастар. Олардың үлес салмағы жыл санап өсіп келе жатқаны  қуантады. Дегенмен, жаңа келген мамандарды тәжірибеден өткізу, олардың жаңа ортада қалыптасуына жағдай жасау мәселесінде қиындықтар бар. «Жас маманның ұжымға сіңісіп жемісті жұмыс істеп кетуіне жауап беретін тәлімгерлердің қызметі  нәтижеге қарап бағалануы қажет» дейді басқарма басшысы. Мемлекеттік қызметшілерге қажетті жағдайлар жасау, жалақысын көтеру жайлары дұрыс шешімін тауып отырса да, бос жұмыс орындарының жергілікті жерлерде, облыстық басқармаларда көп болуы және мемлекеттік қызметке баруға ынталылар санының аздығы да сөз болып, себебіне назар аударылды.
Облыс әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдіру жөніндегі өңірлік орталық директорының орынбасары Алма Бекентаева мамандардың білімін жетілдіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Жыл басынан бері 914 мемлекеттік қызметкер біліктіліктерін жетілдіру курстарынан өткен екен. Бұл 2016 жылға қарағанда  391-ге артық. Білімдері мен біліктіліктерін жетілдіріп жатқан мемлекеттік қызметшілер қатарының көбеюімен бірге, оқу сапасы да арта түскен. Әрбір семинардың соңынан онлайн режимде тест тапсыру дәстүрге айналған. Болашақта Мемлекеттік қызмет академиясының филиалы болып қайта құрылатын орталықтың алдағы уақытта көңіл бөлетін бағыттары жа-йында да әңгіме болды. Ең алдымен, мемлекеттік  қызметшілерді мемлекеттік тілде оқытуға жете назар аударылмақ. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, биылғы жылдың басынан бері білімдерін жетілдірген тоғыз жүзден астам қызметкердің тек  15-і ғана мемлекеттік тілде оқуға ынта танытыпты. Осы орайда, орталық директорының орынбасары мемлекеттік орган басшыларынан оқуға мемлекеттік тілде оқитын  қызметкерлерді жіберуге көңіл бөлсеңіздер деген тілегін білдірді. Сонымен бірге, алдағы уақытта орталық ұйымдастырған курстар мен семинарларға Мемлекеттік қызмет академиясынан білікті ғалымдар шақырылуға да көңіл бөлінбек. Бұл да өз кезегінде білім беру сапасын арттыра түсетіні анық.
Шарада сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасы персоналдық қызмет бөлімінің жетекшісі Айгүл Бәйкенова мен статистика департаменті персоналдық қызмет басқармасының жетекшісі Ләззат Шалғынбаеваның есептері тыңдалды.  Семинар қорытындысына сай, мемлекеттік қызмет саласын дамыту, кездесіп отырған түрлі өзекті мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар қабылданып, ол мемлекеттік органдарға жіберілетін болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар