Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол ережесін сақтамауда - АРҚА АЖАРЫ

Жол ережесін сақтамауда

Шілде айының жиырмасынан бастап, төрт күн бойы облыс аумақтарында өткізілген «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» акциясы нәтижелі аяқталды.

  Аталмыш акцияның басты мақсаты – жол қозғалысының, атап айтқанда жаяу жүргіншілерге арналған жолдағы ала жолақтардың бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде жаяу жүргіншілерге байланысты 35 жол апаты орын алыпты. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 29-ы әртүрлі деңгейдегі жарақат алған. Осылардың ішінде 24 жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған.  
 Жағдайды тұрақтандыру үшін жол полициясының қызметкерлері төрт күн бойы аса қауіпті деп танылған аумақтарды бақылауға алып, жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру шараларын жүргізді.
Сонымен, акция уақытында жергілікті полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзудың 900-ден астам жағдайын анықтады. Олардың ішінде 326 адам жол ережесі қағидаларының талаптарын бұзса, жаяу жүргіншілерге арналған жол бойында 23 ереже бұзушылық тіркелді. 216 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырғаны,  148-і қауіпсіздік белбеулерін тақпағандары үшін ескертілді.  Сондай-ақ,  49 жүргізуші автокөлікті мас күйде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облыстық ішкі істер
департаментінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар