Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Апелляциялық шағым беру тәртібі - АРҚА АЖАРЫ

Апелляциялық шағым беру тәртібі

Кез-келген адамның өмірінде түрлі даулы мәселелер туындайтын жағдайлар болуы мүмкін. Даулы мәселелердің бәрі құқықтық демократиялық қоғамда сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Осы орайда, әрбір азамат сот арқылы өз құқығын қорғауды қамтамасыз ету жайын жақсы білуі қажет.

  Сот арқылы даулы мәселелерді шешу бірнеше сатыда жүреді. Ең алдымен, оны бірінші деңгейлі, яғни, аудандық соттар қарап, өз шешімін шығарады. Азаматтардың аудандық соттың шешіміне көңілі толмаған  немесе дұрыс шешім шығарылмады деп санаған жағдайда жоғары қатарлы сотқа апелляциялық шағым беруіне мүмкіндігі бар. Дегенмен, апелляциялық шағым берудің тәртібін дұрыс біліп, бәрін заң шеңберінде жасау қажет. Апелляциялық шағымды кім бере алады дегенге келсек, оны сотта ісі қаралған тараптар немесе сот шешімі азаматтық құқығына қатысты болған жағдайда басқа азаматтардың беруіне болады.
Енді апелляциялық шағым беру  тәртібіне келейік. Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің 404-бабына сай,  апелляциялық шағым жолдаған соттың атауы, арыз берушінің аты-жөні, даулы істі алғашқы сатыда қараған соттың атауы және сот шешімі неліктен дұрыс емес деп санайтындығына заң негізінде түсініктеме берілуі керек. Егер сотқа арыз берушінің атынан басқа азамат қатысатын болса, онда оның атына жазылған сенімхат болуы тиіс.
Апелляциялық шағымды электрондық нұсқада да беруге болады. Бұндай жағдайда азаматтың сандық қолтаңбасы болуы керек және оған электронды нұсқадағы құжаттардың көшірмесі тіркеледі. Апелляциялық шағымда алғашқы сот сатысында айтылмаған жаңа дәлелдер мен деректер қосылуы мүмкін.  Апелляциялық шағым заң талаптарына сай жасалмаса немесе белгіленген мерзімі өтіп кеткен жағдайларда қабылданбайды.
Апелляциялық сот алғашқы сот шешімдерін өзгертуі немесе өзгеріссіз қалдыруы мүмкін. Бұның бәрі әрине, жоғарыда айтқанымыздай, заң жүзіндегі айғақтар мен дәлелдерге негізделуіне байланысты болмақ. Қалай дегенде де, өз құқығын қорғағысы келген әрбір азамат апелляциялық сотқа жүгінуге құқылы.

Мәлике ОМАРӘЛИЕВА,
облыстық сот әкімшісінің
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар