Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүк тасымалдаушылар құқы түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Жүк тасымалдаушылар құқы түсіндірілді

Облыстық көлік бақылау инспекциясы«Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізіп, жүргізушілерді мазалаған сауалдарға жауап берді.

Бұл акцияға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Көкшетау көлік прокуратурасының және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, республикалық маңызы бар «Астана-Петропавловск» автокөлік жолында үлкен жүк автокөліктерінің жүргізушілерін қабылдап, жол және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік заңнамасының нормалары мен халықаралық келісімді сақтау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыру мәселелері жөнінде құқықтық кеңес берді.
–Акция облыстық көлік бақылау инспекциясының жұмысы жөнінде тасымалдаушылардың пікірін білу үшін ұйымдастырылды. Жүргізушінің әртүрлі жағдайдағы іс-әрекеті жөнінде құқықтық кеңес берілді,–дейді облыстық көлік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Әлібек Айдарханов бізбен әңгімесінде. Жүргізуші Александр Кузнецов мұндай акция жүк тасымалдаушылар үшін қажет екенін, көптеген жүргізушілер өз құқы мен міндетін білмейтінін айтып берді. Алдағы уақытта мұндай шара облыстың барлық аудандарында тұрақты негізде жүргізілетін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар