Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Игі қадамға бөгет жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Игі қадамға бөгет жоқ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов пен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры Темірхан Әбілезов облыстағы инвесторлармен жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы жөнінде айтып берді.

Басқарма басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылғанын, бұл қоғам шетелдің қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жағдайын талқылаған кезде Үкіметтің мүддесін ұсынатынын атап өтті.
– Акционерлік қоғам «Бір терезе» қағидаты бойынша шетелдіктер қатысатын инвестициялық жобаларды қолдаудың ұлттық операторы, сондай-ақ, шетелдіктер қатысатын инвестициялық форумдар өткізудің бірыңғай үйлестірушісі болып табылады. Ұлттық компания өкілдігі өңірде кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе жұмыс істейтін болады. Қазақстан Рес-
публикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұсынысына сәйкес, өңірлік өкілдік инвестициялар тарту мәселелеріне байланысты кеңес беру-талқылау органдарына енгізіледі. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қолданыстағы заңнама аясында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін талап етілетін ақпарат жинау, уақытылы келісім және рұқсат алу мәселелеріне ықпал етуге дайын. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция тартуда акционерлік қоғам тарапынан үлкен көмек күтеміз,– деді Ербол Оспанов.
Биылғы жылы облыста жүз инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның жеті жобасы Индус-трияландыру картасы аясында жүзеге асырылуда. Жалпы 2,6 мың тұрақты жұмыс орнын ашу межеленген. Бүгінгі таңда 26 жоба пайдалануға берілді. Оның ішінде «SAMHAT», «Макинский элеватор», «Ақтан Агро» серіктестіктерінің жобалары бар. Сондай-ақ, өңірге шетелдік инвестиция тарту жұмысы жүргізілуде. Биылғы жылы шетелдің қатысуымен Шортанды ауданындағы «АгроМаксАстана» серіктестігінің диірмен кешені пайдалануға берілді. Өңір жөнінде жалпы ақпарат беретін анықтаманың тұсаукесері жасалды. Оның негізі инвестиция тартуға арналған. Мұнда пайдалы қазбалардың орны мен оны сатудың рыногы анықталып, көліктік инфрақұрылымы белгіленген. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлар үшін өзге де пайдалы ақпараттар бар. Әлеуетті инвесторлар арасында тарату үшін қаржыландыруды қажет ететін жобалар тізімі жасалды. Тізімде жобалар және бастамашылардың мекен-
жайы көрсетілген.
Баспасөз мәслихаты барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компания-сы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры Темірхан Әбілезов сөз сөйлеп, шетелдік инвесторлар тартатын ұлттық оператордың жұмыс істегеніне жүз күн толғанын атап өтті.
– Осы жүз күннің ішінде акционерлік қоғам еліміздің инвестициялық жағдайына талдау жүргізді. Инвесторлармен нақты жұмыс істеу үшін басым елдердің тізімін анықтады. Компанияда кейбір ішкі үрдістер жөнге келтірілді. Компания Қазақстанда инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету жұмысын жоғары халықаралық стандарттар сапасына бағыттаған. Шетелдік инвесторларға кешенді ақпараттық қолдау көрсету үшін бұл орталықта облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы, «Каз-АгроФинанс» аграрлық несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамының филиалы, көршілес ғимараттарда тұрғындарға қызмет көрсету орталығы мен «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы орналасқан,–деді өңірлік директор. Бүгінгі таңда өңірлік өкілдерге инвесторлардың өзекті мәселесін өңір әкімдері деңгейінде жедел көтеруге өкілеттілік берілген. Бұл жергілікті жерлерде инвесторларға ықпал ету кезінде бюрократтықты азайтуға және жергілікті атқарушы органдардың шетелдік инвесторлармен кездесуін шектеуге мүмкіндік береді. Өңірлік өкілдер облыс экономикасына инвестиция салуды жоспарлап отырған агроөнеркәсіп кешені мен тау-кен өнеркәсібі салаларындағы қытайлық компаниялардың өкілдерімен бірнеше мәрте кездесті.
– Облыс аумағында жұмыс істейтін Германия, Ресей және Қытай инвесторларының өзекті мәселелерін шешу үшін мүмкіндіктер қарастырылуда. Өңірдегі негізгі басымдық ауыл шаруашылығына, туризм мен құрылысқа және тау-кен кешеніне беріледі. Шетелдік инвестор Ақмола облысындағы жобаға қызығушылық танытса, бірден өңірлік өкілдікпен хабарласа алады. Толық кеңес алған ол өз елінде алғашқы құжаттарды тапсырады. Кейін Ұлттық компанияның қолдауымен әлеуетті серіктестіктермен нақты жобалар мен ұсыныстар бойынша келіссөздер жүргізуге Қазақстанға келеді. Бұдан кейін жұмыс жағдайын түсінген инвестордың жобасы мақұлданып, қолдауға ие болады,–деген акционерлік қоғамның өңірлік директоры журналистер сауалына тұшымды жауап берді.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар