Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды саланың басты көрсеткіштері - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды саланың басты көрсеткіштері

2017 жылдың қаңтар-маусымында облыстағы жүк тасымалдау көлемі (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес кәсіпкерлер мен ұйымдар тарапынан жүк тасымалдаудың көлемін бағалауды есепке алғанда) 51013,5 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейдің 98,2 пайызы.
Көліктің жүк айналымы 2319 миллион тонна шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілі деңгейімен салыстырғанда 103,2 пайыз.
2017 жылдың қаңтар-маусымында 821394,1 мың адам тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімі деңгейімен салыстырғанда 97 пайыз. Облыс аумағында автобуспен 212 бағытта жолаушылар тасымалданады. Оның 63-і қалаішілік, 31-і қала маңындағы, 59-ы ауданаралық, 33-і ауданішілік, 19-ы облысаралық және 7-еуі халықаралық бағыттар.
Бұл бағыттардың 12-сі әлеуметтік маңызға ие. Оның ішінде 7-еуі қалалық, 1-еуі қала маңындағы, 4-еуі ауданішілік бағыттар. 2017 жылы әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың шығынын субсидиялауға 25,8 миллион теңге қарастырылды. Бұл бағыттарда 112 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Оның ішінде 17 тасымалдаушы қалаішілік, 38-і қала маңына, 44-і ауданаралық, 30-ы ауданішілік, 13-і облысаралық және 11-і халықаралық автобус бағыттарына қызмет көрсетеді.
Өңірдегі темір жолдың ұзындығы 2760,8 шақырымды, жалпы ара- қашықтығы 1589,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде 426,7 шақырым бір бағыттағы, 1163,1 шақырым екі бағыттағы темір жол.
Жүк бөлімшесінде 13 мың 176 адам жұмыс істесе, оның 6692-сі ақмолалықтар.

Облыстық статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар