Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыстың алдын алу айрықша маңызды іс - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыстың алдын алу айрықша маңызды іс

Қоғамымызға тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді жолы заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу екендігі белгілі. Осы орайда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.  Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл айтылған жайлардың бәрі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында бекітілген. Прокуратура органдары да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.  
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда жиі кездесетін түрі – парақорлық. Пара алушымен бірге ақшаны берген адам да заң бойынша жауапқа тартылады. Сондықтан, бұны әрбір азамат жете түсініп, заң арқылы жауапкершілікке тартылатын теріс әрекеттен бойын аулақ ұстағаны абзал. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы сөз қозғағанды, оған қарсы шектеулер туралы айтып өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер жатады. Сондай шектеулердің қатарында мыналар бар:  мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға; жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет  істеуіне жол беруге; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;  қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға тиым салынады. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
Мемлекетімізге, жалпы қоғамға үлкен залалын тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық сияқты кесапаттың алдын алуда барша халықтың белсенді әрекеті мен заңсыздыққа қарсы күресте құзырлы органдарға қолдау танытуы аса маңызды. Жұртшылық болып бірлесе күрескенде ғана жемқорлықтың жолын кесуге болады.  
Алима ҚАЖКЕНОВА,
облыстық прокуратура басқармасының  аға прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар