Приречинский селосы мал ұстауға қолайлы сулы, нулы жер.Жергілікті тұрғындар жиналыста ауыл шаруашылығы кооперативін құру жөніндегі ұсынысты бірден қолдап, сүт бағытын таңдап алды.
Елді мекен облыс орталығына жақын орналасқандықтан, «Гормолзавод» серіктестігімен бұрын да қарым-қатынасымыз болған. Алғашында кооператив құрамына 11 қатысушы кірді. Бүгінгі таңда олардың саны отызға жетті. Өтініш берушілер саны көбейіп келеді. Кооперативтегі сауынды сиыр саны 100 басты құрайды. Күн сайын өңдеуші кәсіпорынға 600-700 литр сүт тапсырамыз. Кооперативтің сүт тасымалдайтын арнайы көлігі бар. Несие алу үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мамандарынан кеңес алдық. Бүгінгі таңда кооперативтің сегіз мүшесі 57 бас ірі қара мал сатып алуға 13 миллион теңгеден астам несие алды.
Нұржан ДҮЙСЕКОВ,
«Еңбек-Н-2017» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы.
Зеренді ауданы.