Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қара судың қандай пайдасы бар? - АРҚА АЖАРЫ

Қара судың қандай пайдасы бар?

Су – тіршілік нәрі екені бәрімізге белгілі. Денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Ағзамыздың әрбір жасушасы, терісі немесе мүшесі терезеңіздің алдындағы гүл сияқты суды қажет етеді.

Осы жерде біз гүлмен салыстырамыз – егер гүлге су тым көп емес, тым аз емес, жеткілікті болса, ол гүлдейді, жапырақтары көгеріп, жайқалады. Біз де өзімізді гүлмен салыстырып, сусындаймыз, бірақ көбіне суды басқа сұйықтықтармен алмастырып жатамыз: мысалы, газды сумен, кофе, шәй, сүтпен және т.б. Егер бар-жоғы 30 күннің ішінде ас үлесінен судан басқа барлық сусындарды алып тастасақ не болады? Біз күн барысындағы тағамдарымыздан бас тартпаймыз, қимыл-қозғалысымызды көбейтіп немесе азайтпаймыз, тек ағзамызға құйылатын сұйықтықтың барлығын суға алмастырамыз.
Ең бірінші ойымызға келетіні – қаражатымызды үнемдейміз. Иә, бұл шүбәсіз факт. Алайда, ағзамызға одан да қызықты, одан да бағалы қандай пайда әкелеміз?
Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады
30 күн өткен соң, Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, миыңыз бұрынғыдан жылдам жұмыс ітсеуімен таң қалдырады екен. Миымыз жақсы жұмыс істеу үшін тонналаған кислород қажет болатыны сияқты, су да оның жұмыс жылдамдығын арттыра алатындардың қатарынан табылады. Нәтижесінде зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тезірек және шапшаңырақ болады. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, ойлау қабілетіңізді бақандай 30 пайызға жақсартасыз.
 Жасыңызға қарағанда жасырақ көрінетін боласыз
Ауыз суы теріңіздегі судың мөлшерін сақтай отырып, қартаю үдерісін баяулатады. Теріңізді ылғалдандырып, сау, жұмсақ, тегіс, жарқыраған, жас әрі әжімсіз етеді. Бұлшық етімізге де тигізер әсері мол – су оның тонусын сақтайды. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін, тек таза су ішуіңіз керек.
Daily Mail журналында жарық көрген мақалада 42 жастағы ана небары 30 күн тек су ішкен соң, 10 жасқа жасырақ көрінгенін айтады. Үнемі басы ауырып, ас қорыту жұмысының нашарлығынан зардап шеккен ол күніне 3 литрдей су іше бастады, бір ай өткен соң нәтижесіне таңғалды. Үнемі мазалайтын бас ауруынан айығып, ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарды. Оған қоса, 10 жасқа жасарды. Жаман нәтиже емес қой, иә.
Иммунитетіңіз көбейеді
Словак халқының «Таза су – бұл алғашқы медицина» деген нақылы бар екен. Бұл әсірелеп айтқандық емес.  Су ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор сияқты. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Осы мүшелеріңіз қандағы улы заттарды, қалдықтар мен тұздарды кетіруге жауапты.
Сонымен, осы саладағы зерттеушілердің айтуына сүйенсек, су ішу бүйрекке тас жиналуының алдын алады екен, осылайша біз бас ауруы мен тағы да басқа ауруларға шалдықпайтын боламыз.
Жүрек жұмысы жақсарады
Су жүрегіңіздің сауығуына көмектеседі. Қан сұйыла түскендіктен, қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі. Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі.
Американдық эпидемиология журналы алты жылдық зерттеуінің нәтижесін жария-
лады. Онда күніне бес стақан су ішкен адамдардың жүрек талмасынан, күніне тек  екі стақан су ішкен адамдарға қарағанда 41  пайызға аз өлгендігі байқалған.
 Су сіңірді қалпына келтіруге көмектеседі, осының арқасында буындарыңыз баппен қимылдап, нәтижесінде буындарға түскен салмақтың әсерінен болған зақым азая түседі.
Артық салмақтан арыласыз
30 күн бойы тек су ішсеңіз, денеңіз өміріңізге маңызды мүшелеріңізден улы заттар мен қалдықтарды шығарады. Бұл денеңізді тазартып, оны ішіңіздің айналасындағы майлардан арылта бастайды. Алдымен, салмағыңыз аздап арта бас-
тайды, себебі, денеңіз осынша мөлшерде пайда болған судың мөлшеріне бірден үйренісе алмайды. Алайда, біраз уақыт өткен соң, ағзаңыз жаңа тәртіпке үйренеді. Су қарныңыздың ашып тұрғанын да жоя алады. Су қарныңыздың ашқанын басып, ағзаңызды жуа бастайды.
Тағамтану мен диетология академиясының өкілі Андреа Н. Джанкола кеңес бергендей, тамақтанудың алдында ішілген бір немесе екі стақан су ас қорытуыңызға көмектесіп, өзіңізге қажетті мөлшерден тыс тамақ жеуге мүмкіндік бермейді.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар