Солардың арасында «Отау-құрылыс» ЖШС-інің салып жатқан үйлері сапалылығымен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда серіктестік Гагарин көшесінің бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Құрылыстың сапалы әрі жедел жүргізілуі таң атып, қас қарайғанша тынымсыз еңбек етіп жүрген құрыш қолды құрылысшылардың кәсіби шеберлігіне байланысты екені белгілі. Осы орайда, жылдың төрт маусымында құрылыс жұмыстарынан бір сәт қол үзбейтін тәжірибелі бетоншы Сүйіндік Сарыбалиннің жұмысы атап өтуге тұрарлық.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.