Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс қарқыны бәсеңдемейді - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс қарқыны бәсеңдемейді

Елімізде тұрғын үй құрылысын, құрылыс индустриясын, құрылыс материалдарын өндіруді дамытудың және «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы қолға алынып, қарқынды жүргізілуде.

 

Құрылыс саласы еліміз бен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына көп ықпал етеді. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы секторының дамуына ерекше назар аударылуда. Өйткені, тұрғын үй кезегіндегі адамдар саны азайған жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа жолдарын іздеуге бағытталған. Мемлекеттік тұрғын үй саясатында бюджеттік емес қаржыландыруға басымдық берілген.
Яғни, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің маңызды тетігі тұрғын үй құрылысына жекеменшік инвестиция тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін ынталандыру болып табылады. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылы жекеменшік инвестиция әлеуеті тартылып, кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілді. Бұл құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етіп, ел экономикасының одан әрі өсуіне сүбелі үлесін қосты. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы қарқынын сақтауды, жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етті. «Нұрлы жер» бағдарламасында ипотекалық несиелеуге қолжетімділікті арттыру, жекеменшік тұрғын үй құрылысын ынталандыру, тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қолдау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту және бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысы бағытын жүзеге асыру қарастырылған.

Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру жыл сайын көптеген тұрғын үйлерді пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Облыс құрылысшылары бірден бұл бағдарламаны жүзеге асыруға кірісіп кетті. 2010 жылдан бері облыста 2,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй жағдайын 19 мыңнан астам отбасы жақсартты. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 255,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 44,8 мың шаршы метрі мемлекеттік инвестиция, 211 мың шаршы метрі жекеменшік инвестиция есебінен салынды. Жергілікті атқарушы органның есебінде тұрған, оның ішінде кезектегілер және тұрғын үй құрылысы жинақ банкісінің салымшылары үшін қолжетімді баспанаға ұсынысты көбейту мақсатында несиелік тұрғын үйлердің құрылысы одан әрі жалғасады. Бағдарлама аясында несиелік тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыру тетігі жергілікті атқарушы органның облигациясын шығару арқылы жүргізіледі. Мұндай жұмыс облыста белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік құнды қағаз шығару жолымен жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысына 2017 жылы алты жобаны жүзеге асыруға қомақты қаржы қарастырылған. Биылғы жылы 13,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бағдарламада әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың баспана мәселесін шешу қарастырылған. Облыс әкімдігі бағдарламаның бұл бағытын дамытуды жоспарлаған. Бұл мақсат үшін жалға берілетін тұрғын үйлер қоры ашылады. Жалға берілетін тұрғын үй кезек тәртібімен беріледі. Көкшетау қаласы мен Аршалы, Жақсы аудандарында салынатын он тұрғын үйге биыл Ұлттық қордан 1,6 миллиард теңге бөлінді. Аталмыш аудандардағы тұрғын үйлердің құрылысы биыл аяқталады. Соңғы жылдары облыс орталығы мен бірқатар аудандарда коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жанданды. Бұл үрдісті мемлекет қолдайды. Құрылыс компанияларының жекеменшік тұрғын үй салушылары ұсынысын ынталандыру мақсатында екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу көлемі ұлғайтылды. Бүгінгі таңда бұл тетік бойынша облыста екінші деңгейлі банктер мен «Регион Строй», «Көкшетау Жолдары» және «Сауда Пласт» серіктестіктері арасында келісімге қол жеткізілді. Облыста тұрғын үйлерді жыл сайын пайдалануға берудің жалпы көлеміндегі біршама үлеске жекеменшік тұрғын үй құрылысы ие. Мұндай жолмен биылғы жылдың алты айында 153 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын тоғыз ауданның 14 елді мекенінде жүргізу жоспарланған. Құрылыстың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын тартуға учаскелер дайындау үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасалуда. Соңғы жылдары облысымызда төтенше жағдай көп болып, Атбасар қаласы, Красногорск кенті мен Оразақ ауылының тұрғындары үшін тұрғын үйлер жедел салынды. Биылғы жылы Атбасар қаласы тағы да су тасқынынан зардап шекті. 600 отбасы баспанасыз қалды. Онда қазір тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Барлық бағыттағы тұрғын үй құрылысы бойынша баспананы уақытында пайдалануға беру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға биылғы жылы 954,7 миллион теңге бөлінді. Республикалық бюджет қаржысы есебінен бес жоба, облыстық бюджет есебінен он жоба жүзеге асырылады. Келесі жылы салынатын тұрғын үйдің 14 жобасына өтінім берілді. Атқарылған шаралардың нәтижесі көптеген тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге мүмкіндік беріп, тұрғын үйді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемін толық қамтамасыз етеді.
Биылғы жылы әлеуметтік саладағы 34 нысанның құрылысына бюджеттен 9,5 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 19 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде Целиноград ауданының екі мектебі, Аршалы мен Қорғалжын аудандарындағы мектептердің бу қазандығы пайдалануға беріледі. Астрахан мен Бурабай ауданындағы мектептердің шатыры жөнделіп, Бұланды ауданының мектебі қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының үш нысаны, қоғамдық тәртіптің үш нысаны, спорт саласының дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мәдениеттің екі нысаны пайдалануға беріледі. Биылғы жылы «Щучинск-Бурабай курортты аймағы» бағдарламасы аясында қоғамдық тәртіптің төрт нысанының құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында үш мектеп салынуда. 2018 жылы елу жеті жобаның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету салалары нысандарының құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, келесі жылы Астана қаласы маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру қарқынын нығайту жоспарланған. Оның ішінде денсаулық сақтау саласының 12 нысаны, білім саласының 19 нысаны бар.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мемлекеттік бас-ты міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне үлкен назар аударылады. Бүгінгі таңда облыстың 607 ауылдық елді мекенінің 352-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.  229 елді мекеннің тұрғындары құдықтан, 26 елді мекен ауыз суды тасымалдап ішеді. Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында шешілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шараларына биылғы жылы 6,8 миллиард теңге бағытталды. Қаржыландырылған 16 нысанның он нысанын пайдалануға беру қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша ауыз су орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген бір селоның және суды тасымалдап ішетін төрт селоның тұрғындарына беріледі. Атқарылған шаралардың арқасында облыстағы селолық елді мекендерінің 58,8 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізеді. Су құбырлары жүйесі жобаланып, жерасты суларының бекітілген қоры пайдаланылмақшы. Мемлекет жерасты суының қорларын бекіту бойынша іздеу-барлау жұмысын жүргізуге қомақты қаржы бөлуде. Облыс бойынша бұл жұмыспен жыл сайын 42 елді мекен қамтылады. Биылғы жылы он тоғыз селодағы жұмыс аяқталады. Қазір қырық төрт село бойынша жобалар жасалуда. Сөз соңында бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімді төл мерекемізбен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, отбастарының амандығын және еңбектерінің жемісін тілеймін.
Марат ӘУБӘКІРОВ,
облыстық құрылыс басқармасының  басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар